04 қазан 2017 | 19:45

Ұшақ апаты: Дәрігерлер баруы тиіс болған әйел алтыншы баласын босанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлер ұшақпен бара жатып, апатқа ұшыраған әйел алтыншы баласын босанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әйелдің анасы Сәндігүл Мәметалиева айтып берді. 


Иконка комментария блок соц сети

Дәрігерлер ұшақпен бара жатып, апатқа ұшыраған әйел алтыншы баласын босанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әйелдің анасы Сәндігүл Мәметалиева айтып берді. 

Алтыншысы қыз бала болған, оған Береке деген ат қойылыпты. Қазіргі уақытта сәби Түркістанда туыстарының қолында. Ал босанған келіншектің анасы жансақтау бөлімінде күзетіп отыр. 

Әйелдің айтуынша, жаңа туған сәби отбасындағы алтыншы бала. Жүктілік кезінде келіншектің жағдайы жақсы болған, тек аяғы ісігенін айтып, ауырсынған. Перзентханадан шыққаннан кейін бірнеше күн өткенде келіншектің дене қызуы көтеріліп, күн өткен сайын жағдайы нашарлай беріпті.  

30 жастағы келіншек бастапқыда Түркістанда ауруханаға жатқызылған, кейін Шымкентке ауыстырылған. 


Перзентханадан шығарылған күн. Сурет отбасылық архивтен

Қазіргі уақытта келіншек жасанды тыныс алдыру аппаратына жалғанған. Кеңес беру үшін арнайы Алматыдан профессорлар шақыртылған. Облыстық аурухананың жансақтау бөлімінің жетекшісі Вячеслав Цайдың айтуынша, келіншек ауруханаға ауыр жағдайда түскен. 

"Республикалық деңгейдегі дәрігерлерді шақыру - тәжірибеде бар іс, мұндай жағдай науқас ауыр жағдайда жатқанда сала мамандарының кеңесі қажет болғанда жасалады. Мұндай жағдайларда уақыт факторы аса маңызды. Қазір біз республикалық санавиациямен келіссөздер жүргізіп жатырмыз және олар борт тағы да ұшып келе ме, ұшып келсе қайдан келетінін анықтап жатырмыз", - деді Вячеслав Цай.

Осыған дейін әуе апатынан қазақстандық белгілі дәрігер-профессорлардың қаза тапқаны хабарланған болатын. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 3 қазанда кешкі уақытта Алматыдан Шымкентке дәрігерлер бригадасы ауыр жағдайда жатқан жүкті әйелге көмектесу үшін аттанған.

Еске салайық, 3 қазанда East Wing әуекомпаниясының АН-28 ұшағы ұшып шыққаннан кейін 12 минут өткенде радардан жоғалып кеткен еді. Кейін ұшақ Алматы түбінде өртеніп жатқан жерінен табылған. Бортта болған бес адам қаза тапқан. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети