27 желтоқсан 2019 15:04

"Ұшақ оңға бұрылған" - Алматы маңындағы әуе апатының мән-жайы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр Bek Air ұшағының апатқа ұшырауы оқиғасының мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр Bek Air ұшағының апатқа ұшырауы оқиғасының мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Үкіметтік комиссия жұмысына кірісті. Бүгін біз ұшу-қону жолағында әуе кемесінің артқы бөлігінің 300-400 метр аралықпен екі рет жанасуын байқадық. Сосын әуе кемесі оңға бұрылды, ол кезде шасси алынған еді, әуе аппараты ұшпақ болған. Өздеріңіз байқағандай, ол қоршауға соқтығысты, үйде ешкім болмаған. Әуе кемесі екіге бөлініп қалды, негізінен алдыңғы бөлігінде отырған жолаушылар қаза тапты", - деді Роман Скляр Алматыдағы баспасөз конференциясында. 

Ол зардап шеккендерге және қаза тапқан адамдардың отбасыларына көмек көрсетілетінін айтты. 

Сондай-ақ, ол алдын ала әуе апатының себебін айтты: "Бұл не ұшқыштың қателігі болуы мүмкін не техникалық ақау". 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети