11 желтоқсан 2014 13:11

Үшем босанған аналарға баспана берудің шығыны көп болмайды - депутаттар

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Сенаттың "Тұрғын үй қатынастары мәселесі бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қарастырудың екінші оқылымында депутаттар өздерінің үшем босанған аналарға баспана беру туралы ұсынысын қабылдамағанына таңданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенаттың "Тұрғын үй қатынастары мәселесі бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қарастырудың екінші оқылымында депутаттар өздерінің үшем босанған аналарға баспана беру туралы ұсынысын қабылдамағанына таңданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қандай шығын (бір жылда үшем босанған аналарған баспана беруге - Авт.)? 500-600 миллион теңге, тіпті одан аз. Үкімет өз жауабында жергілікті атқару органдарына бюджет мүмкіндігіне қарай үшем босанған отбасыларды үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берілгенін айтты. Бірақ қазіргі уақытта жергілікті атқару органдары, әрине, бұл мәселені мүмкіндігі жеткенше шешіп жатыр, бірақ бұл заңсыз. Біз артық ештеңе сұрап отырған жоқпыз, жергілікті бюджеттің үйді заңды түрде берілгенін қалаймыз", - деді Қуаныш Айтаханов.

Депутат қазақстандық бір отбасыны мысалға келтірді. "Жақында мен телеарнадан үшем босанған аналар туралы бағдарлама көрдім, олар темір вагонда тұрады. Анасы бұл вагонда пеш жағады, вагон жылиды да тез суып қалады. Олардың табысы аз. Олар жергілікті атқару органдарына көмек сұрап барғанда оларға оларға заңсыз болғандықтан үй беру мәселесін шешіп бере алмайтынын айтқан. Біз үкіметтен заңда үшем босанған аналарға үй беру туралы норма болуын сұрадық", - деді ол.  

Сенаторды оның әріптесі Ертарғын Астаев қолдады. "Мен жалпы Айтахановты қолдаймын. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы халқымыздың жағдайы жақсарту үшін шараларды қабылдау бойынша нақты тапсырмалар берді. Баспанамен қамту туралы Мәжіліс пен Сенатта көтерілген мәселелердің барлығы да қаржының тапшылығына келіп тіреледі", - деді ол.

Өз айтқан сөзіне депутат қарапайым есепті келтірді. "Бізде "Алтын алқа" алған аналар - 74 мың, ал үшем туралы не айтылып жүр, ата-аналардың ешқайсысы да үшем босануды жоспарламайды, бұл - табиғаттың сыйы. 2013 жылы 50 ана үшем босанды, ал 2014 жылы үшем босанғандардың саны 43-ке жетті. Бұдан шығатыны, егер біз оларға баспана беретін болсақ, онда жыл сайын 350-400 миллион теңге жұмсалады. Бұл қаруар қаржы емес", - деді ол.

Бұл норма заң жобасында көрсетілмеді. Бірақ Сенат бірнеше түзетулер енгізіп, Мәжіліске қайта жіберді. Негізгі түзетулер мына бағыттарда енгізілу ұсынылды: коммуналды тұрғын үй қорынан немесе жергілікті атқару органының жеке тұрғын үй қорынан жалға алған үйіне мұқтаж азаматтардың есепке алынуы кезінде облыстық маңызы бар қалаларда кем дегенде үш жыл уақыт тұруын талап етуді алып тастап, оны тек сәйкес заңдармен реттелетін ерекше статус түрінде Астана мен Алматы қалаларында ғана қарастыру ұсынылып отыр. Мұнымен қатар, халықтың әлжуаз топтарын жылу беру маусымында үйден көшіруге тыйым салу ұсынылды. 

Еске сала кетейік, депутат Айтаханов үшем босанған аналарға кезектен тыс баспана беруді осы заң жобасын қарастырған бірінші оқылымда ұсынған болатын. Бірақ үкімет бұл ұсынысты бюджеттен көп шығын шығатынына негізделіп, мақұлдамады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети