16 сәуір 2022 | 10:10

"Үшінші рет жаңа қызмет". Аптадағы басты ауыс-түйістер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Осы аптада Қазақстанда маңызды тағайындаулар болды. Тамара Дүйсенова қайта министр болды, Мағзұм Мырзағалиев биыл үшінші рет жаңа қызметке кірісті, сондай-ақ, "Жасыл даму" мен "ҚазМұнайГаз" басшылары ауысты. Tengrinews.kz тілшісі аптадағы басты тағайындауларды жинап шықты.


Иконка комментария блок соц сети

Осы аптада Қазақстанда маңызды тағайындаулар болды. Тамара Дүйсенова қайта министр болды, Мағзұм Мырзағалиев биыл үшінші рет жаңа қызметке кірісті, сондай-ақ, "Жасыл даму" мен "ҚазМұнайГаз" басшылары ауысты. Tengrinews.kz тілшісі аптадағы басты тағайындауларды жинап шықты.

Тамара Дүйсенова үшінші рет еңбек министрі болды

Апта жаңа еңбек және әлеуметтік қорғаныс министрін тағайындаумен басталды. Тамара Дүйсенова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып қайта тағайындалды. Ол бұл қызметке үшінші рет келіп отыр. 2013-2014 және 2017-2018 жылдары Дүйсенова Еңбек министрлігін басқарған еді. 

"Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын", - делінген Ақорда хабарламасында.


Тамара Дүйсенова. Фото primeminister.kz сайтынан

Бұның алдында Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарған еді. Дүйсенованың орнына бұл қызметке Ернар Баспаев тағайындалды.

Баспаев 2019 жылдан бері Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған болатын.

Мағзұм Мырзағалиев жаңа қызметке тағайындалды

Жылды энергетика министрі ретінде бастаған Мағзұм Мырзағалиев жаңа қызметке ауысты. Мырзағалиев қаңтардың ортасында Президент кеңесшісі болған еді. Ал 14 сәуірде экс-министр "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды. 

"Самұрық-Қазына" АҚ басқармасының шешімі бойынша, Президент Әкімшілігі және Үкіметпен келісе отырып, Мағзұм Мырзағалиев "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.


Мағзұм Мырзағалиев

"ҚазМұнайГаз" басшысы болып бұрын Алик Айдарбаев қызмет еткен еді. Ол денсаулығы нашарлауына байланысты өз еркімен жұмыстан босату туралы арыз жазған. 

"Жасыл даму" компаниясының басқарма төрағасы ауысты

14 сәуірде Қазақстандағы утильалым операторы "Жасыл даму" компаниясының басқарма төрағасы да тағайындалды. Бұл қызметті енді Ержан Сәрсенбай атқарады. Ол Жанат Саматтың орнына келді. Жанат Самат "Жасыл даму" компаниясының басқарма төрағасы болып екі айдан аса уақыт жұмыс істеді. 


Ержан Сәрсенбай. Фото:facebook.com/EcologyofKazakhstan

Ержан Сәрсенбай 2021 жылғы ақпаннан бері "Қазақстандық мемлекеттік - жекешелік әріптестік орталығы" АҚ басқарма төрағасы болған.

Президенттің баспасөз хатшысы тағайындалды

14 сәуірде Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы тағайындалды. Берік Уәли орнынан кеткен соң бұл лауазым екі апта бойы бос тұрған еді. Енді бұл қызметті Руслан Желдібай атқарады. 

Руслан Желдібай халыққа "Хабар" агенттігіндегі "Азамат" телебағдарламасының жүргізушісі ретінде танылған. 2018 жылы Руслан Желдібайдың мемлекеттік қызметтегі еңбек жолы басталған. 28 жасында ол ҚР Ақпарат және коммуникациялар комитетінің Интернет кеңістігіндегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарма басшысы атанған.


Руслан Желдібай/Primeminister.kz

Осыдан тура бір ай бұрын Руслан Желдібай премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалған еді. 

Тележүргізуші болып танылған. Президенттің жаңа баспасөз хатшысы туралы не белгілі?

Нұрлан Қоянбаев жаңа қызметке тағайындалды

КВШ ойыншысы, продюссер Нұрлан Қоянбаев Президент телерадиокешенінің шығармашылық директоры болып тағайындалды. 

"Белгілі қазақстандық кино және теледидар продюсері Нұрлан Қоянбаев Президент телерадиокешенінің шығармашылық директоры болып тағайындалды", - делінген телерадиокешенінің Telegram-арнасында.


Нұрлан Қоянбаев. Фото ©Тұрар Қазанғапов

Бұған дейін Нұрлан Қоянбаев "Қазақстан" телеарнасының бас продюсері қызметін атқарған. Республикалық телеарналарда жобаларды ұйымдастыруға қатысып, "Түнгі студия" шоуының жүргізушісі болған еді.

Осы аптада тағы қандай тағайындаулар болды?

  • Руслан Мағзұмов премьер-министр Кеңсесінің өңірлік даму басқармасының басшысы болып тағайындалды.
  • Қанат Сейдгапбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары болады. 
  • Бекзат Жүсіпов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары қызметі тағайындалды. 
  • Лұт Әлшекенов Тұңғыш Президент - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы болды. 
  • Генерал-майор Алмаз Ахмадиев енді Қазақстан Қарулы Күштерінің Тыл бастығы қызметін атқарады. 
  • Полковник Бақытбек Сыдықов Қазақстан Қарулы Күштері Қару-жарағының бастығы лауазымына тағайындалды. 
  • Дархан Ахмедиев қорғаныс министрінің орынбасары болды.
  • Тимур Тәшімбаев Бас прокурордың бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети