Үштөбе әкіміне жолдарға байланысты сөгіс жариялау ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үштөбе әкіміне жолдарға байланысты сөгіс жариялау ұсынылды

Nur Otan партиялық бақылау комиссиясы Үштөбе әкімі Сағынбек Карбузовқа сөгіс жариялауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Nur Otan партиялық бақылау комиссиясы Үштөбе әкімі Сағынбек Карбузовқа сөгіс жариялауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комиссия қала тұрғындарының Антропов, Мұсабаев, Белинский, Нөгербеков, Некрасов, Төлендинов, Әуезов және Школьная көшелеріндегі жолдардың нашар жағдайына шағымдарынан кейін тексеру жүргізді. Тұрғындардың айтуынша, көшелерде батпаққа батады, тіпті ауыр техника жүре алмайды. 

"Партиялық бақылау комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша, Үштөбе әкімі Сағынбек Карбузовқа 1 маусымға дейін жол жөндеу жұмыстарын аяқтауға кеңес берілді.

Сондай-ақ, әкімге сөгіс түрінде партиялық жаза жариялау ұсынылды. Бұл мәселе партияның облыстық филиалының бақылауында", - деп хабарлады Nur Otan өкілдері.

Бұған дейін тұрғындар қалаға су құбырларын салу жоспарланғаннан кейін қиындықтар басталғанын айтқан болатын. 

"Су да, жол да жоқ. Бәрін қазып тастады, кейін қалай болса солай көмді, су да берген жоқ. Қазір ол жер балшық болып жатыр. Менің көшеме жедел жәрдем де, өрт сөндіру қызметі де, газ қызметі де кірмейді", - деді қала тұрғыны Евгения Нам.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети