Үштөбеде төрт жыл бұрын басталған жол құрылысы қашан бітеді?

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үштөбеде төрт жыл бұрын басталған жол құрылысы қашан бітеді?

Жетісу облысы Қаратал ауданындағы Үштөбе қаласының орталық көшелерінің біріндегі жөндеу жұмысы 2018 жылдан бері аяқталмай тұр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысы Қаратал ауданындағы Үштөбе қаласының орталық көшелерінің біріндегі жөндеу жұмысы 2018 жылдан бері аяқталмай тұр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Үштөбе қаласындағы Төле би көшесінің тұрғындары үшін көлік бұзылу басты мәселе. Себебі, тозығы жеткен жолы жөндеу жұмыстары төрт жылдан бері аяқталмай тұр. 

"Бұл көшеде жаяу тұрмақ, көлікпен жүру қиын. Әсіресе жаңбырлы ауа райында. Бұл көшенің осындай күйде тұрғанын бәрі біледі. Шешіп жатырмыз деп уәде береді", - дейді жергілікті тұрғындар.

Көшенің жөндеу жұмыстары жосықсыз мердігердің кесірінен кешіктірілген. 2018 жылы әкімдік компаниямен 287 миллион теңгеге келісімшарт жасасқанымен, мердігер жұмысты аяқтамаған.

"Төле би көшесінің бойындағы тасжолды күрделі жөндеу 2018 жылдың 23 сәуірінде басталды. Мердігер - "Алмаз-М" ЖШС. Келісімшарт сомасы 287,1 миллион теңге, жолдың ұзындығы 1,9 шақырым. Алайда жөндеу жұмыстары толық аяқталмады. 2019 жылы қылмыстық іс қозғалды, қазір сот процесі жүріп жатыр. Сот шешімі жарияланғаннан кейін жобаны ретке келтіріп, көшені қайтадан күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр", - деді Қаратал ауданы әкімдігінің маманы.

Жергілікті әкімшілік көше жобасы биыл аяқталып, жөндеу жұмыстары 2023 жылдың көктемінде қайта жалғасатынын айтты. Тұрғындар әкімдіктің уәделеріне күмән келтіріп, құқық қорғау органдарынан бұл мәселемен күресуді сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети