01 қыркүйек 2021 14:25

Үсік және жаңбыр. Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2-4 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2-4 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, солтүстік-батыс антициклоны шығыс бағытқа ауысып, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік аудандарында түнгі уақытта үсік жүруіне себеп болады.

"Республиканың басым бөлігінде антициклон әсерінен ауа райы жауын шашынсыз болады, тек республиканың батыс облыстарын, сондай-ақ республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарды қоспағанда, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Атмосфералық фронт әсерінен 2-3 қыркүйекте жел соғады деп күтіледі.

Елдің көп бөлігінде ауа температурасы күндіз біртіндеп 25-30 градусқа дейін, республиканың оңтүстік жартысында цельсий бойынша 37 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі. Тек елдің батысында ғана аптап ыстық 17-25 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети