28 мамыр 2022 | 11:36

Үсік, найзағай, бұршақ. 11 облыста ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com © elements.envato.com

Қазақстанның 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша, 28 мамырда күндіз Алматы облысының оңтүстігінде және таулы, тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады. Батыста, оңтүстікте, шығыста және облыстың таулы аймақтарында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы секундына 17-22 метр, екпіні секундына 24-29 метр. Алматыда 28 мамырда кешке қатты жаңбыр жауады. Кейде найзағай, бұршақ болуы мүмкін. Батыстан жел соғады, 28 мамырда таңертең және күндіз екпіні 15-20, кейде секундына 25 метрге жетеді.

28 мамырға қараған түні Түркістан облысының таулы жерлерінде және тау бөктерінде қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-батыстан облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жел 15-20, түнде екпіні секундына 25 метрге жетеді.

Шымкентте 28 мамырда түнде қатты жаңбыр жауады. Найзағай, дауыл болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 28 мамырда Ақмола облысының шығысында найзағай соғады. Солтүстік-батыстан жел түнде шығыста, күндіз облыстың батысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

28 мамырда түнде Қызылорда облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан келген жел орталықта, облыстың шығысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Облыс орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында түнде, шығысында, солтүстік-шығысында күндіз найзағай, бұршақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 28 мамырда күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

28 мамырда күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан күндіз солтүстікте, батыста секундына 15-20 метр жел соғады. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

28 мамырда Ақтөбе облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 18 метр болады. 28 мамырда күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында найзағай соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Жарма, Катонқарағай аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады. 28 мамырда Қарағанды облысының орталығында, солтүстік, шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, орталықта, облыстың шығысында жылдамдығы 15-20 метр, екпіні секундына 23-28 метр.

28 мамырда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел түнде шығыста, күндіз солтүстікте, батыста секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети