23 қаңтар 2018 | 15:09

Үсіп қалған жағдайда не істеу керек? Алғашқы көмек

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова үсіп қалған жағдайда не істеу керектігін және үсік шалған адамға қандай алғащқы көмек көрсетуге болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова үсіп қалған жағдайда не істеу керектігін және үсік шалған адамға қандай алғащқы көмек көрсетуге болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, осыған дейін Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасындағылар екі тәулікте 28 адамның үсіп қалып, көмекке жүгінгендерін айтқан еді. "I - II деңгейлі үсік - 25 адамда, II - III деңгейлі үсік - 2 адамда, IV - V деңгейлі үсік - 1 адамда. Барлығына қажетті медициналық көмек көрсетілді. Барлығы 4 адам ауруханаға жеткізілді. Қалғандары мекенжайлары бойынша амбулаторлық ем алуға жіберілді", - деп хабарлаған еді Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, бастапқыда үсіп қалған адамның тынысы бар-жоғын анықтау қажет. "Оны анықтау үшін бір қағаз алып үсіп қалған адамның мұрнына жақындату керек. Тағы бір жағдайда егер де қолыңызда айна болса, адамның тыныс алып жатқанын айнаны мұрнының жанына қойып, анықтауға болады. Айна буланатын болса, ол тыныс алып жатыр деген сөз", - деді Сандуғаш Баймұхамбетова.

Сондай-ақ, маман үсіп қалған адамның аяқ-қолын уқалау керектігін айтады. Оған ыстық шай беріп, су боп қалған киімін таза құрғақ киімге ауыстыру қажет.

Мұнымен қоса, ТЖД ресми өкілі үсіп қалған кезде не істемеу керектігін ескертті. "Үсіп қалған адамның аяқкиімін немесе қолғабын шешпеуге тырысу керек. Себебі адамның аяқ-қолы үсіп қалса, сіз оның аяқкиімін шешемін деп, сүйектеріне және терісіне зақым келтіруіңіз мүмкін", - дейді Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі.

Сонымен қатар, ол баланың тілі темірге жабысып қалған жағдайда қандай шараларды қолдану қажет екенін айтты. Айтуынша, мұндай жағдайда жылы бу мен немесе жылы сумен жабысып тұрған тілді темірден алуға тырысу қажет.

Осыған дейін синоптиктер еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде түнгі температура 40-45 градусқа, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 28-33 градусқа дейін төмендейтінін хабарлаған еді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аяз түнде -35-40 градус, 24-26 қаңтарда өте қатты аяз -45 градус, күндіз -27-32 градус, кей жерлерде -35 градус аяз болады. Қостанай облысында қатты аяз түнде -33-38 градус, күндіз -20-25 градус күтіледі. Астанада 23-26 қаңтар аралығында қатты аяз түнде -35-40 градус, күндіз -27-32 градус аяз болуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети