Ұсталған миллионер Еркін Әмірханов жайлы не білеміз?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұсталған миллионер Еркін Әмірханов жайлы не білеміз? © caepco.kz

Белгілі бизнесмен Еркін Әмірханов 2018 жылдың 5 мамырында ұсталды. Tengrinews.kz тілшісі ашық дереккөздерден бизнесмен жайлы мәлімет жинап көрді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі бизнесмен Еркін Әмірханов 2018 жылдың 5 мамырында ұсталды. Tengrinews.kz тілшісі ашық дереккөздерден бизнесмен жайлы мәлімет жинап көрді.

Осыған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері "Центрказэнергомонтаж" АҚ-тың сатып алу қызметі жөніндегі бұрынғы төрағасы Е.А.Әмірхановқа қатысты соталды тергеу бастағанын хабарлаған болатын. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 253-бабының 6-бөлігінде қарастырылған құқықбұзушылық жасады деген күдікке ілінді.

Еркін Әмірханов 5 мамырда ұсталды. Келесі күні Астананың № 2 Есіл аудандық соты оған қатысты бұлтартпау шарасы ретінде екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды.

"Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Тергеуге қатысты басқа мәліметтер Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жарияланбайды", - деді ведомство өкілдері.

Еркін Әмірханов 1967 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын Мәскеуде институттан бастаған. 1997 жылдан бері басқарушы қызметтерде болған: "Казкоммерцбанк" АҚ, Павлодар мұнай өндіру зауыры, "Эйр Қазақстан", "Эксимбанк Қазақстан" АҚ. 2001-2009 жылдары осы мекемелерде басқарма төрағасы болып жұмыс істеген. Forbes тізімінде де бар.

Сондай-ақ, "ОртаАзия отын-энергетикалық компания" АҚ акционерлерінің құрамына кірген. "Орта Азия электрэнергетикалық корпорациясы" АҚ басқарған. 

2017 жылдың қыркүйегінде "Орта Азия электрэнергетикалық корпорациясы" АҚ директорлар кеңесінде Еркін Әмірхановтың компания президенті қызметіндегі өкілеттігі тоқтатылды.

2017 жылдың 13 қарашасында "Орта Азия отын-энергетикалық компания" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жиналысында акционерлік қоғамдағы директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданды. Олардың қатарында Әмірханов та бар.

2017 жылдың желтоқсанында белгілі бизнесмен "Эксимбанк Қазақстан" АҚ директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды.

Ал 2018 жылдың қаңтарында "Севказэнерго" АҚ, "Павлодарэнерго" АҚ директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети