04 мамыр 2014 | 15:31

Ұстаздарды ҰБТ нәтижесімен бағалауды доғаруды сұрайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

"Білімді дамыту үшін" қоғамдық майданы мұғалімдерді ҰБТ нәтижесі бойынша бағалауды доғаруды талап етіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

"Білімді дамыту үшін" қоғамдық майданы мұғалімдерді ҰБТ нәтижесі бойынша бағалауды доғаруды талап етіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қоғамдық ұйымдар өкілдері Білім және ғылым министрінің атына осы мазмұнда хат жазған. Олар ҰБТ-дан жоғары нәтижені талап ету білім беру процесі қатысушыларын қуғын-сүргіннен қорқу жағдайына әкеліп соғатынын айтады. Құжат авторлары бұл хатты әкімдіктер мен аймақтық білім басқармаларына да жолдағалы отыр.

"Ар-намыс", "Аспандау", "Білім беру технопаркі", "Тең құқықтар мен мүмкіндіктер институты" және "Ұлағатты Жанұя" ұйымдарының өкілдері мектепте берілетін білім деңгейінің педагогтың біліктілігіне ғана емес, оқушының ниетіне де байланысты екенін айтады. "Нәтижесінде мектепте оқушылардың объективті бағасы мен ұстаздардың ҰБТ қорытындысы бойынша жоғары орын алуға деген талпынысы арасында жанжал туындайды", - делінген құжатта. Қоғамдық ұйымдар өкілдері жиынтық көрсеткіш үшін күрестің бұрмалауға, жалғандыққа, оқушыларды мәжбүрлеу мен жаттандылыққа соқтыратынын алға тартты.

Ұйым өкілдері репетиторларға шамадан тыс жүгінуден балаларға артық күш түсетінін атап өткен. "Оқушылар мектепке көбіне уақыт өткізу үшін келеді, ал репетитордан ниеттеніп білім алады. Өйткені бес пәнді жаттап алып, қалған пәндерді күн сайын оқымай-ақ қоюға болады деп ойлайды", - дейді хат авторлары. "Білімді дамыту үшін" қоғамдық майданының өкілдері Ресей, Қытай мен неміс ЖОО-ларының ҰБТ нәтижесіне қарамайтынын айтады.

Хат авторлары ұлттық бірыңғай тестілеуге әсте қарсы емес екенін, дегенмен оның кейбір тұстарын қайта қарау керектігін мәлімдейді. Олардың айтуынша, ҰБТ нәтижесі білім беру сапасын бағалаудың анағұрлым жүйелі бағасына қосымша талдау материалы ғана болуы тиіс. Қоғамдық ұйымдар мүшелері тестілеуді тапсыру үшін TOEFL, IELTS, CAT емтихандары үлгісімен тәуелсіз орталықтар құруды ұсынады. Сонымен бірге, мектептерде оқушылардың жетістіктері, азаматтық ұстанымы, еріктілік қызметі, кәсіби бейімділіктері көрсетілетін портфолио жасақтауға кеңес береді. "Бұл нәтижелер олардың ЖОО-ға түсуі, жұмысқа қабыдануы кезінде қолданылуы тиіс", - дейді хат авторлары.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети