Ақтауда бір жарым жылдан аса уақыт бұрын болып, салдарынан жергілікті тұрғын қаза тапқан қайғылы оқиғаға қатысты жаңа мәлімет белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақтауда бір жарым жылдан аса уақыт бұрын болып, салдарынан жергілікті тұрғын қаза тапқан қайғылы оқиғаға қатысты жаңа мәлімет белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2023 жылғы қаңтарда Маңғыстау облысының Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 104-бабы 1-бөлігінде көзделген іс бойынша ("Абайсызда қазаға ұшырату") соталды тергеп-тексеруді бастады. 2023 жылғы 14 қыркүйекте қылмыстық іс жүргізу кодексінің (ҚІЖК) 45-бабы 7-бөлігі 1-тармағына сәйкес соталды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша күдікті анықталмағандықтан тергеп-тексеру тоқтатылды. Ақтау прокуратурасы шешіммен келісті.
Алайда, Tengrinews.kz тілшісінің анықтауы бойынша, 2024 жылғы 21 маусымда Бас прокуратура істі тоқтата тұру туралы шешімнің күшін жойып, оны ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігіне ("Адам өлтіру") қайта саралаған. Тиісті нұсқаулар берілген.
"Соталды тергеп-тексеруді жүргізгені үшін Маңғыстау облысының Полиция департаментіне полиция органдары басшыларының қызметін бағалау туралы мәселені қарастыра отырып, прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. ҚІЖК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес қазіргі уақытта соталды тергеп-тексерудің қандай да бір басқа деректері жарияланбайды", - деп хабарлады Бас прокуратураның соталды тергеп-тексеру және қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Килымжанов.
Еске салайық, 2023 жылдың қаңтарында Ақтауда жергілікті тұрғынның басына диван құлаған болатын. Ес-түссіз күйде, мойын омыртқасы сынған жәбірленуші Маңғыстау облыстық ауруханасына шұғыл жеткізілген. Өкінішке қарай, ер адам 2023 жылдың тамызында қайтыс болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!