Үй, көліктер және 32 млрд теңге: Алматыдағы МҚҰ-ларға қатысты алаяқтықтың мән-жайы

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Заңсыз микроқаржы ұйымдарын ұйымдастырушылардың 32 миллиард теңге көлеміндегі мүлкіне тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Заңсыз микроқаржы ұйымдарын ұйымдастырушылардың 32 миллиард теңге көлеміндегі мүлкіне тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті Creditum МҚҰ, Sofi Finance МҚҰ, Hava Finance МҚҰ, SF Offline МҚҰ, POS Credit МҚҰ, "Сәлем Кредит" МҚҰ басшыларына қатысты алаяқтық және заңсыз кәсіпкерлік қызмет деректері бойынша тергеуді жалғастырап жатыр.

Бұған дейін бұл МҚҰ-дардың заңсыз әрекеттерінің салдарынан 327 мыңнан аса азамат зардап шеккені, оларға келтірілген шығын көлемі 30 миллиард теңге екені хабарланды.

"Төлемдері кешіктірілген қарыз алушылар Hava.kz, Koke.kz, Tengo.kz компаниялармен кепілдік шарттарын жасасуға мәжбүр болған. Бұл ретте кепілгердің жауапкершілігі тек қарыз алушы қайтыс болған жағдайда қарастырылған. Бұл қызмет үшін бастапқы несие сомасынан бірнеше есе асып түсетін төлем алынып, азаматтарды қарызға батырған. Нәтижесінде қарыз алушылар несие сомасынан 3-5 есе артық ақша төлеуге мәжбүр болған", - деп жазылған хабарламада.

Микроқаржы ұйымдарының есепшоттарындағы 1,8 миллиард теңге көлеміндегі қаржыға тыйым салынды, сондай-ақ, 30 миллиард теңге мөлшерінде несие портфеліне шектеу қойылды.

МҚҰ ұйымдастырушысы 2 айға қамауға алынды. Жалпы құны 225 миллион теңге көлемінде 2 тұрғын үй мен BMW X6, Toyota Tundra маркалы көліктеріне тыйым салынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети