23 желтоқсан 2021 | 14:03

Үй маңындағы дүкеннің азық-түлік бағасын тексере алмаймыз - Жұманғарин

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Серік Жұманғарин мораторий бойынша тексеруге тыйым салынған сауда орындары заң талаптарын бұзып, инфляция мен азық-түлік бағасының өсуіне ықпал етіп отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Серік Жұманғарин мораторий бойынша тексеруге тыйым салынған сауда орындары заң талаптарын бұзып, инфляция мен азық-түлік бағасының өсуіне ықпал етіп отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат отырысында журналистер Жұманғариннен ірі сауда желілерін мемлекеттік қолдау және оларды барлық жерде тарату азаматтарға зиянын тигізе ме деп сұрады.

"Бүкіл әлемде сауда желілерін қолдайды. Бірақ ірі бөлшек сауда желілері нарықтың тек 10-15 пайызын алады. Қалғанының бәрі - базарлар және үй маңындағы дүкендер. Әлеуметтік маңызы бар тауарларға 15 пайыздан артық төлем жасауға құқығы жоқ. Біз күн сайын ірі сауда желілеріндегі бұзушылықтарды анықтаймыз, олар 15 емес, 20 пайызды құрайды.

Ал үйлердің іргесіндегі дүкендерді біз тіпті тексере алмаймыз. Менің мәліметтерім бойынша, тексерілмегендердің 15 пайыздан көбінде алдау деректері бар. Біз оларды мораторийге байланысты тексере алмаймыз. Тексеріс болмағандықтан, көп заң бұзушылықтар болады. Егер әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын заңсыз көтеру 15 пайыздан асатын болса, үй жанындағы дүкендердің, сауда нысандарының иелері байытылады, ал өндірушінің баға деңгейі өзгермейді", - деді Жұманғарин.

Монополияға қарсы департамент басшысы экономикалық тиімділік тұрғысынан алғанда сатушыларға емес, өндірушілерге қолдау көрсету маңыздырақ екенін түсіндірді.

"Бұл деңгей сақталса да, біз осы мәселені заңды алаңға шығардық, бұл өндірушілерге өз маржасын арттыруға мүмкіндік берді. Бұл біз үшін маңыздырақ. Дегенмен, әртүрлі деңгейдегі сатушыны да қолдау керек. Бұл мәселедегі мемлекеттік саясат теңгерімді болуы керек", - деді Серік Жұманғарин.

Ол ірі сауда желілерінің лобби жасау деректерін көрмейтінін айтты.

"Ірі желілер 10-15 пайызды құрайды. Жағдай алаңдатады деп айта алмаймыз. Егер олар нарықтың 70 пайызын иеленіп, бағаны белгілесе, біз бұл туралы алаңдаймыз. Бәсекелестік салада жағдай қалыпты дамуда. Бәсекелестікті бұзу жоқ", - деді Жұманғарин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети