22 қаңтар 2016 | 17:35

Үй салушылар үкіметтен қазақстандықтарға арзан ипотека беруін сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"Базис" холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы Александр Белович Астанада өткен шараның үзілісінде нысандардың құрылысына деген сұраныстың артуы үшін қазақстандықтарға арзан ипотека беру туралы ойлану керек екені жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Базис" холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы Александр Белович Астанада өткен шараның үзілісінде нысандардың құрылысына деген сұраныстың артуы үшін қазақстандықтарға арзан ипотека беру туралы ойлану керек екені жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол теңгенің еркін ауытқу жағдайында баспанаға деген сұраныс құлдырайтынын түсіндірді. Сондықтан үй салушылар қазіргі уақытта сұранысты арттыру үшін түрді бағдарламаларды жасап жатыр екен. 

"Биылғы басты тапсырмалардың бірі қазіргі мөлшерді жоғалтпау. Бұрынғыдай сала беру үшін сұранысты арттыру керек. Біз арзан ипотеканы сұрап отырмыз. Түрлі нұсқалар бар. Бұл жалға берілетін баспана болуы мүмкін, мұндай баспананы мемлекет көп соғады. Біз коммерциялық жобаларды қарап отырмыз. Әзірше осы баға табысты емес, кредит қымбат. Егер жолын тауып, келісе аласақ, субсидиялау болса, жеке компаниялар да жалға берілетін баспаналарды соға бастайды", - деді Белович.

Сонымен қатар, ол үкіметке банк мөлшерлемелерінің бір бөлігін субсидиялау туралы ойлау қажеттілігі жайында айтты.

"Ресейді алып қарайық, кредит қымбат болғанда адам оны алуы үшін субсидиялау қажет. Мемлекет бүгінде осындай кенеттен болатын өзгерістердің жағдайында мүмкіндік таба ала ма? Соған қарағанда, мұнай мен бағамның биі аяқталғанда, бірінші маусымнан кейін, есептеуге мүмкіндігіміз болғанда шығар. Бірде төмен, бірде жоғары болып тұрғанда бағдарыңнан жаңылыспау қиын", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети