Шымкенттік шенеунік көпқабатты үйдің шатырының тесілуін биік өкше киетін келіншектерден көріп отыр. Оның бұл жауабы тұрғындарды таңғалдырды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Шымкенттік шенеунік көпқабатты үйдің шатырының тесілуін биік өкше киетін келіншектерден көріп отыр. Оның бұл жауабы тұрғындарды таңғалдырды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
"Қыз-келіншектер каблуктарымен жүреді. Сол себепті тесіктер пайда болған", - деп түсіндіреді Шымкент қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Ғалымжан Өтенбаев.
Телеарнаның мәліметінше, мемлекеттік бағдарлама бойынша жетімдер мен мүгедектерге берілген үйлердің қабырғалары шытынап жатыр. Нұрсәт ықшамауданындағы 108 пәтерлік үш үйдің тұрғындары жауын-шашын болса азапқа түседі. Шатырдан аққан су жоғары қабаттардағы пәтерлерді басып, тіпті дымқылданған электр сымдарының тұйықталуы да жиі болады екен.
Сондай-ақ, телеарнадағылардың мәліметінше, тоғыз қабатты бұл үш үйді 5 жылдан аса уақыт бұрын жетімдер мен мүгедектерге берілген.
"Ауырып күнде дәрігер шақырамыз. Оның еш көмегі тиіп жатқан жоқ. Уақыт өткен сайын үйдің қабырғалары да қақырап, тіпті шытынаған дуалдардың да дыбысы естілетін болыпты. Үреймен күн кешіп жатқан тұрғындар жарықтың да болғанынан болмаған күндері көп дейді. Себебі, жаңбыр суы электр сымдарына тиіп, қысқа тұйықталудан көз ашпайды. Салдарынан тұрмыстық техника да жиі күйіп кетеді. Тұрғындардың сөзінше, үйдің тым сапасыз екенін енді көшіп келген кезде мердігердің өзі ашық айтыпты. Бірақ шу шығармауды сұрап өзіміз қатырамыз деп алдаған", - дейді тұрғындардың бірі Ирина Запорожченко
Телеарна мәліметінше, мердігердің келісімшарты бойынша үйлерге екі жылға ғана кепілдік берілген. Ал ол мерзім әлдеқашан өтіп кеткен екен. (Дереккөз: КТК)