Риддер қаласында жеке үй құлап кеткен шұңқырға екі мың текше метрге жуық бетон қоспасы құйылды деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазір төтенше оқиға орнында залалсыздандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Дүйсенбі күнгі таңертеңгі мәлімет бойынша шахтаның шұңқырына 1771 текше метр бетон қоспасы құйылған. Жұмысқа Риддер-Сокольный кенішінің 15 қызметкері атсалысып жатыр. Мамандардың мәліметінше, қауіп аймағында 12 үй, бір дүкен, төрт жер телімі бар.
"Көшірілген 25 адам "Қазцинк" ЖШС-нің қонақүй кешеніне жайғастырылды, олардың арасында бес бала бар", - деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, төтенше оқиға 4 сәуір күні болған еді. Риддер-Сокольный кеніші аумағындағы шахтада шұңқыр пайда болып, оған бір жеке үй түсіп кеткен болатын. Үй тұрғындары дер кезінде сыртқа шығып үлгеріп, аман қалды.