“Үй-үйді аралап, сауалнам толтырып жүр“. ІІМ хабарламаға жауап берді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Үй-үйді аралап, сауалнам толтырып жүр“. ІІМ хабарламаға жауап берді

Мессенджерлерде өзін полицейміз деп таныстырып, пәтерлерді аралап, халық санағына дейін жеке мәліметтерді жинап жүргендер туралы хабарлама тарады. Бұл хабарламаға ҚР Ішкі істер министрлігі жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мессенджерлерде өзін полицейміз деп таныстырып, пәтерлерді аралап, халық санағына дейін жеке мәліметтерді жинап жүргендер туралы хабарлама тарады. Бұл хабарламаға ҚР Ішкі істер министрлігі жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Хабарламада жалған полицейлер ІІМ логотиптері бар құжаттар мен бланкілер алып жүргені айтылған.

"Сырт келбеттері тартымды. ІІМ формасын киіп жүруі мүмкін. Олар суретіңізді/саусақ ізіңізді түсіруге ниетті екенін айтады. Өздерімен ноутбук, биометриялық құрылғы және тұрғындардың тізімі болады. Осы тізімді көрсетіп, барлық ақпаратты беруді сұрайды. Алаяқтар мынадай бланкілерді толтыруды сұрайды", – делінген хабарламада.

Мессенджерлерде бланк таратылып жатқаны да айтылды. Онда аты-жөніңізді, мекенжайыңызды, тұратын және жұмыс орныңызды, ЖСН және басқа да мәліметтерді көрсету қажет.

ІІМ баспасөз қызметі аталған хабарламаның әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде министрлік атынан таратылып жатқаны шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Әлеуметтік желі қолданушыларына ескерте кетеміз, бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдаланып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Ақпаратты тек ресми дереккөздерден алыңыздар", – деп мәлімдеді министрлік.

Қазақстанда Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жазалау қарастырылған: ең төменгі жаза – 1000 АЕК (2025 жылы 3,9 миллион теңге) көлемінде айыппұл, ал ең жоғарғы жаза – 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети