Ұялы байланыс операторлары алматылықтарға сел жөнінде sms жіберуден бас тартты - ТЖД

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұялы байланыс операторлары алматылықтарға сел жөнінде sms жіберуден бас тартты - ТЖД © 3dnews.ru

ТЖД мәліметінше, ұялы байланыс операторлары алматылықтарға сел жөнінде sms хабарлама жіберуден бас тартқан. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы әкімінің кеңесшісі Сергей Куянов хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ТЖД мәліметінше, ұялы байланыс операторлары алматылықтарға сел жөнінде sms хабарлама жіберуден бас тартқан. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы әкімінің кеңесшісі Сергей Куянов хабарлады.

Оның айтуынша, өзге алматылықтар сияқты ол да селдің жүру қаупі туралы sms хабарлама алмаған. Куяновтың сөзіне қарағанда, ол бұл сұрақты ТЖД басшысының орынбасарына қойған, бірақ ол ұялы байланыс операторларының сел туралы хабарлама таратудан бас тартқандарын айтты. 

Айта кетейік, Алматыдағы сел 23 шілде күні түнгі сағат 03.00 шамасында жүрген. Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты. Алматы ТЖД жеке құрамының, ҚР ІІМ ТЖК аймақтық бөлімшелерінің АҚ дабылы бойынша жиыны белгіленді.

ҚР ІІМ ТЖК аймақтық бөлімшелері жергілікті атқару органдарымен, қаланың азаматтық қорғаныс қызметтерімен бірге Қарағалы өзенінің бойында су басу аймағындағы елді мекеннің зардап шеккен тұрғындарын іздестіру және эвакуациялық бойынша аралап шығу жұмыстары ұйымдастырды. Алматы қаласындағы селден 280-нан астам адам қауіпсіз аймаққа көшірілді.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети