"Ұят". Тоқаев Жетісу облысында Абайға арналған лайықты ескерткіш жоқтығын айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ұят". Тоқаев Жетісу облысында Абайға арналған лайықты ескерткіш жоқтығын айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұртшылықпен кездесуінде Жетісу өңірінде қазақтың ақыны Абай Құнанбаевтың ескерткіші жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұртшылықпен кездесуінде Жетісу өңірінде қазақтың ақыны Абай Құнанбаевтың ескерткіші жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мен тағы бір мәселеге арнайы тоқталғым келіп отыр. Бүгінде ұлы Абайдың кесенесі - еліміздегі ең танымал нысанның бірі. Алайда, Жетісу облысында Абайға арналған бірде-бір лайықты ескерткіш жоқ. Бұл - ұят нәрсе, үлкен олқылық. Оны түзету керек", - деді Президент.

Алтынемелде қазақтың әйгілі ғалымы Шоқан Уәлихановтың мәңгілік мекені бар екені барша жұртқа белгілі. Шаңқанай ауылында оның ескерткіші, мұражайы бар. Жергілікті жұрт қазақтың ұлы перзенті жерленген жерді қараусыз қалдырмаған, деді Президент.

"Бірақ, бұл жеткіліксіз. Біз Шоқанды әлемдік деңгейде дәріптеуіміз керек. Жалпы, біз ұлы перзенттерімізді құрметтей білуіміз керек. Мұндай тарихи орындар туралы үнемі айтып, ұрпаққа таныстырып отыру қажет.

Осы тақырыптан туындайтын тағы бір мәселе бар. Ел тарихында ерекше орын алатын көптеген тұлғаларымыз шетелде жерленген. Ұлтымыздың ұлы перзенттері әл-Фараби және Бейбарыс сұлтан Сирияның Шам шаһарында жатыр. Қазақтың әйгілі үш биінің екеуі - Төле би мен Әйтеке бидің зираты - Өзбекстанда. Құрманғазы мен Бөкей ханның кесенесі Ресей жерінде. Жат жерден топырақ бұйырған басқа да көптеген тарихи тұлғаларымыз бар.

Әрине, олардың бәрінің сүйегін елге алып келу мүмкін емес. Ондай мақсат та жоқ. Бірақ, тағдырдың жазуымен жат жерде қалған ұлы бабаларды ұмыт қалдырмау - біздің азаматтық парызымыз", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети