Үйден алып келген: әкімдік 400 миллион теңгеге жиһаз сатып алмақ болған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үйден алып келген: әкімдік 400 миллион теңгеге жиһаз сатып алмақ болған Midjourney

Абай облысының әкімдігі 410 миллион теңгеге жиһаз сатып алуды жоспарлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысының әкімдігі 410 миллион теңгеге жиһаз сатып алуды жоспарлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Абай облысы әкімдігі 400 миллион теңгеден астам сомаға кеңсе жиһазын сатып алуға тендер жариялағаны туралы ақпарат тарады. Тізімде бес әкімшілік кабинетке арналған қымбат үстелдер, дивандар, креслолар мен қабылдау орындары көрсетілген. Жиһазды жасау үшін шамамен 50 маман қажет болатыны айтылған.

Tengrinews.kz тілшісі пікір алу үшін әкімдікке жүгінді. Кеңсе жиһазын сатып алуға тендер жарияланғанына қарамастан, Абай облысы әкімінің шешімімен сатып алу рәсімі тоқтатылғаны белгілі болды.

"2022 жылы облыс құрылған сәттен бастап әкім аппараты мен оған қарасты 23 басқармаға жиһаз сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алулар жүргізілмеген. Қазіргі уақытта 639 қызметкер бұрын Семей әкімдігінің балансынан шығарылған тозған жиһазды пайдаланып отыр. Бірқатар басқармада қызметкерлер жиһазды үйден әкеліп қолдануға мәжбүр. Қызметкерлерге қолайсыздық тудыратын осы мәселені шешу мақсатында 2024 жылы мемлекеттік сатып алу бастамасы көтерілді. Былтырдан бастап конкурс жеті рет жарияланды, алайда әлеуетті жеткізушілер ұсынған конкурс құжаттамасының сәйкес келмеуіне байланысты барлық рәсім кейінге шегерілді", – деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Әкімдік облыс әкімі сатып алуды тоқтату туралы шешімді қандай себеппен қабылдағанын нақтыламады.

Сондай-ақ сатып алынатын жиһаздың көлемі мен сипаттамалары 2025 жылғы 28 сәуірде қабылданған Қаржы министрінің бұйрығына сәйкес айқындалғаны нақтыланды. Бұл бұйрықта мемлекеттік органдарды қызметтік көлік, байланыс құралдары, жиһаз, техника, үй-жайлар, кеңсе тауарлары және өзге де шығыс материалдарымен қамтамасыз ету нормалары бекітілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети