"Үйден шықпаңыздар". Ақтауды құмды дауыл басты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті ақтаулықтарға шұғыл қажеттілік болмаса, көшеге шықпауға кеңес берді. Қаланы құмды дауыл басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті ақтаулықтарға шұғыл қажеттілік болмаса, көшеге шықпауға кеңес берді. Қаланы құмды дауыл басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, өңірде ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жарияланған.

"4 сәуірде күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай болады деп болжанған. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында құмды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні секундына 15-20, күндіз 23-28 метрге жетеді. Балаларды ерекше бақылауға алу және оларды қараусыз қалдырмау маңызды.

Аса қажет болмаса көшеге шықпаңыздар", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Ходжабекованың айтуынша, қазіргі уақытта республикалық және облыстық маңызы бар тасжолдар ашық. Ертең, 5 сәуірде облыста құмды дауыл тұрады деп болжанған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети