20 маусым 2021 | 09:13

"Үйден тамақтанбаймын". Атырау облысының әкімі азық-түлікке айына қанша жұмсайтынына жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© azh.kz © azh.kz

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде отбасы азық-түлікке айына қанша жұмсайтыны туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды "Ақ Жайық"


Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде отбасы азық-түлікке айына қанша жұмсайтыны туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды "Ақ Жайық"

"Мен Атырауда тұрамын, бірақ балаларым ер жеткен, олар Нұр-Сұлтанда тұрады, немерелерім де. Жұбайым кейде олармен, кейде менімен бірге тұрады. Мен үйден тамақтанбаймын", - дейді облыс әкімі. 

Соңғы рет қашан Атырауды аралап, қала тұрғындарының мәселелерімен таныстыңыз деген "Ақ Жайық" сұрағына:

"Қызық сұрақ. Мен қалада күн сайын жүремін, көбіне жұмыста боламын, кабинетте отыруды қажет ететін жұмыс бар. Сондай-ақ нысандармен танысамын, қаланы аралап, не істеліп жатқанын көремін. Қалада не болып жатқанын көріп жүрсіз бе деп сұрағыңыз келетін болар. Соңғы қабылдаулардың бірінде бір әйел Талғайраңға баратын жолдар баяу салынып жатыр деп шағымданды. Сол жерден өттім, сапалы жолдар салынып жатыр. Дүйсенбі Сасықсайдағы жұмыстың қалай жүріп жатқанын білуге бардым, КТС және басқа нысандарды араладым. Әрине, проблемалар бар, бірақ өзгерістер де бар, мысалы, қала тазарып қалған", - дейді Махамбет Досмұхамбетов. 

Облыс әкімі азық-түліктің, әсіресе картоп пен сәбіздің бағасына байланысты жағдайды қадағалап отырғанын айтады. 

"Қазір маусымаралық кезең. Картоп пен сәбіздің бағасы көтеріліп жатыр. Біз картопты еліміздің оңтүстік облыстары мен Ресейдің көршілес өңірлерінен әкелу шараларын алып жатырмыз. Картоп бағасының арзандағанын айта кету керек, қазір ол бөлшек саудада 310 теңге тұрады. Сәбіз бағасы да төмендейді деп күтеміз. Маусым айының соңында өзіміздегі өнім жиналады, жергілікті шаруалармен келісім бар. Өңір өз картобымен 44 пайызға ғана қамтылған, бізде көкөніс егетін үлкен аумақ жоқ, сондықтан көп өнімдер сырттан әкелінеді. Бағаны қатаң реттеу де мүмкін емес, онда сауда құлдырайды", - деді облыс әкімі. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети