Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов Калачи ауылындағы мектептің бұрынғы тәртіп бойынша жұмыс істейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов Калачи ауылындағы мектептің бұрынғы тәртіп бойынша жұмыс істейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айта кетейік, бұған дейін билік Калачидегі жалғыз мектептің жабылатынын және ауылдан бастауыш сыныптың оқушылары ғана білім алатынын хабарлады. "Мектеп бұрынғы тәртіппен жұмыс істеп тұр. Ол жерде 42 адам оқып жатыр. Бірақ біз балалар денсаулығын қорғауды негізгі мақсат тұтып, сол үшін түсіндіру жұмыстарын жалғастыра береміз. Оқитын балалар бар болғандықтан, ол жұмыс істей береді. Әзірше ол жақта адамдар тұрып жатыр, балалар назардан тыс қалмайды. Қазір Есіл мен Державинскте үйлер салынып жатыр. Бірақ диктаторлық түрде ата-аналарға көшуді бұйыру деген дерек жоқ. Бізде балалардың денсаулығын қорғаудан басқа мән болмайды", - деді Нұркенов. Сондай-ақ, ол БАҚ-тан ата-аналарды балалардың денсаулығын қорғау үшін ауылдан көшуге көндіруді сұрады. "Балалары бар отбасылардан барлық ұсыныстарды қарап шығуды сұраймын. Көмек көрсетіледі", - деді ол.
Нұркеновтің айтуынша, бүгінгі таңда Калачи ауылында ауруға шалдығудың 170 жағдайы тіркелді, 133 адам көмекке жүгінген, олардың кейбірі екінші рет көмек сұрады. Ауруға шалдығудың соңғы дерегі сәуір айында тіркелді. Сонымен қатар, ол көшірілген тұрғындарға материалдық көмектің көрсетілгенін айтты. Көшуге келісімдерін бергендердің барлығы өңірдегі өзге ауылдарда тұрып жатыр.
Еске сала кетейік, Калачи орта мектебінің қызметкерлері мен ата-аналар тамызда ауылдағы жалғыз мектептің жабылып, тек бастауыш сынып сабақтарының қалатынына наразы болды. Олардың айтуынша, мектепті жабуға салмақты негіз жоқ. Сонымен қатар, бірнеше мұғалім жұмыссыз қала жаздады.