22 ақпан 2020 | 09:16

"Үйімді де сатып жіберген". Үш қалада қаржы пирамидасына алданғандар шу шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде қаржы пирамидасына алданған тұрғындар ақша өткізген мекеменің кеңсесін тас-талқан етті. Ашынған жұртты сабырға шақыруға тіпті арнайы жасаққа дейін тартылған. Ал ақша әдеттегідей классикалық үлгіде жиналыпты. Соңында жұрттың қаржысын қалтасына басқандар із суытып үгерген. "Гарант 24 Ломбард" деп аталатын компанияға еліміздің бірнеше аймағында мыңдаған салымшы ақша құйған, - деп хабарлайды КТК


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде қаржы пирамидасына алданған тұрғындар ақша өткізген мекеменің кеңсесін тас-талқан етті. Ашынған жұртты сабырға шақыруға тіпті арнайы жасаққа дейін тартылған. Ал ақша әдеттегідей классикалық үлгіде жиналыпты. Соңында жұрттың қаржысын қалтасына басқандар із суытып үгерген. "Гарант 24 Ломбард" деп аталатын компанияға еліміздің бірнеше аймағында мыңдаған салымшы ақша құйған, - деп хабарлайды КТК

Ақтөбенің қақ ортасындағы қаржы ұйымы кеңсесінің алдына таң атысымен 100-ге жуық салымшы жиналған. "Гарант 24 Ломбард" компаниясы екі күннен бері ақша беруді тоқтатып, кассасын жауып тастаған. Басшыларының қашып кеткенін естіген салымшылар ақыры кеңсе есігін бұзып кіріп, тас-талқанын шығарды. Кейбіреуі іштегі сейфті алып қашпақ болды.

Тәртіп сақшылары ашынған жұртты сабырға шақырғанымен, тоқтата алмады. Сондықтан арнайы жасақ сарбаздарын шақыртуға мәжбүр болды.

"Гарант 24 Ломбардқа" ақша салған тараздық тұрғындар тәртіп сақшыларына жаппай арызданып жатыр. Ондағылар ең азы жарты миллион теңгеден бастап, тіпті қымбат көлігі мен баспанасын пирамидаға салған.  

"Менің үйімді 12 миллион теңгеге сатып алды. 12 миллионның екі айын берді. Сол екі айын өзіне қайтып салдым, 5 миллион теңгесін. Ол бес миллионның бір тиынын да алған жоқпыз, он екі миллионмен. Үйімді де сатып жіберген басқа клиенттерге", - дейді Тараз қаласының тұрғыны Серік Бекбауов.

Телеарна мәліметінше, күмәнді ұйымның кесірінен Атырауда да 100-ге жуық салымшы жаяу қалған. Мұнайлы өлкенің тұрғындары да ақшамен қоса көліктерін де өткізіпті. Ондағылар түннен бері пирамида құрған мекеменің кеңсесін күзетіп жүр. Қазір "Гарант 24 Ломбард" компаниясының еліміздегі барлық филиалы тексеріліп жатыр. Ал Ақтөбедегі басшысы іздестіріліп жатыр.

"Қазір ол адамдарды іздестіру жұмыстарын анықтап, олар туралы мәліметті анықтап жатырмыз. Тапсақ, егжей-тегжейлі анықтаймыз. Қазір тексеру жүргізіп жатырмыз", - деді Ақтөбе қалалық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Зиядин Күнбасов.

Салымшылар пирамидалардың жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақ сияқты қаптап кеткеніне құзырлы органдарды кінәлайды. Күмәнді қаржы ұйымдарының қызметін дер кезінде тоқтатпай, алаяқтардың алшаң басуына "жол берді" деп отыр. Бір Ақтөбенің өзінде айналдырған екі апта ішінде төрт бірдей пирамиданың ісі әшкере болды. Осындай ұйымдар басқа да өңірлерде әлі қаптап жүр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети