Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Үйін жарамын деп қорқытқан ер адамның оқиғасына әкімдіктегілер түсінік берді

24 Маусым 2016, 15:15
0

Астанада үйін жарамын деп қорқытқан ер адамның оқиғасына әкімдіктегілер түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Соттың шешімі шығарған шешім заңды күшіне енуімен сәйкес, Астана қаласы, Иманов көшесі, 20/4 мекен-жайындағы құрылысы бар жер учаскесі мүліктен мәжбүрлі түрде айыруға жатады, ал иелері жалпы сомасы 34 139 618 теңге көлемінде өтемақы алуы тиіс: Мейрамов Құдайберген Шарипұлы, Мейрамов Асылбек Құдайбергенұлы, Мейрамов Алтынбек Құдайбергенұлы, Құдайберген Қуанышбекке 17 556 990 теңге көлемінде өтемақы; 

Мейрамов Әділбек Тұрлыбекұлына, Мейрамов Әскербек Тұрлыбекұлына, Мейрамова Майра Тұрлыбекқызына, Мейрамова Асма Тұрыбекқызына, Мейрамова Анель Тұрлыбекқызына 16 582 628 теңге көлемінде ақшалай өтемақы берілді, - деп мәлімдеді "Қалалық жылжымайтын мүлік" МҚК директорының орынбасары Лариса Бабийчук.

Оның айтуынша, бұл сомалар жер иелерінің есепшотына түсіп қойды. 

"Мейрамов Әділбектен басқа иелерінің барлығы соттың шешіміне келісіп, жылжымайтын мүлікті өз еріктерімен босатты. Соттың шешімін орындау туралы ескертуді Астана қалалық әділет департаментінің сот орындаушылары Мейрамов Әділбекке бірнеше рет жасады. 2015 жылдың жазынан бері Мейрамов Әділбек әкімдік басшылығының, прокуратураның, ҚР Әділет министрлігінің шақыруында болды және көшіруді кейінге қалдыруды сұрады, себебі баспана табуға уақыт тауып, бірнеше апта мерзімінде өзі көшетінін айтты, осылайша ол соттың шешімін орындау мерзіміне дейін жетті", - деп хабарлады Бабийчук.

"Сонымен қатар, соттың шешімін орындау бойынша мәселені Парламент Мәжілісінің дөңгелек үстелінде Мәжіліс депутаттарының қатысуымен, қоғамдық ұйымдардың, әкімдік өкілдерінің және Мейрамов Әділбектің өзінің қатысуымен қаралды. Мейрамов Әділбекке баламалы жер учаскелері ұсынылды. Алайда Мейрамов Әділбек соттың шешімін орындаудан бас тартып отыр, сот орындаушылардың талабын орындаудан үзілді-кесілді бас тартты, заңсыз ультиматумдар ұсынып жатыр және мемлекеттік билік органдарының беделін түсіріп жатыр", - деп мәлімдеді ол.

Ал Әділбек Мейрамовтың өзі өтемақы сомасымен келіспейтінін айтып отыр. 

"2012 жылы мен жоқта жер учаскесін мемлекеттің қажетіне алу туралы сот шешімін шығарыпты. (...) Қала әкімі жұмыс тобын құрып, менің мәселемді түбегейлі шешіп беруін сұраймын. Маған берген 2 миллион 600 мың теңге ақша ма? Менің 4 балам бар, әйелім жүкті. Бұл әкемнің үйі. Мен қайда барамын?", - деп мәлімдеді ол.

Осыған дейін ер адамның өз үйін жарамын деп қорқытқаны белгілі болған еді.  Иманов пен Уәлиханов көшелерінің қиылысындағы аумақ қоршауға алынған.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай