25 сәуір 2017 | 15:07

Үйінен айырылған атбасарлықтарға вагон ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© traveler-mir.com © traveler-mir.com

Су басқан Атбасар тұрғындарының біразына уақытша баспана ретінде купе вагондар берілді. Бұл туралы қала әкімі Андрей Никишов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Су басқан Атбасар тұрғындарының біразына уақытша баспана ретінде купе вагондар берілді. Бұл туралы қала әкімі Андрей Никишов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Екі күн бұрын №2 мектеп маңында 108 орынға арналған үш вагон қойылды. Барлық коммуникация тартылған. Бұл вагондарда тұруға келіскен адамдар жақын мектептен үш уақыт тамақтана алады. 

"Вагондар екі күн бұрын келді. Алматының "Экспресс" компаниясы ұсынды. Адамдарды екі рет апарып, көрсеттік. Ойланып жатыр, тұрамын дейтіндер де бар. Үйлері қирап қалмаған, күрделі жөндеуді қажет ететін адамдарға ғана ұсынып жатырмыз", - деп түсіндірді Никишов.

Сонымен қатар, вагондар ұсынылған төрт амалдың бірі ғана екенін айтады әкім. Уақытша баспананың негізгісі жалдамалы баспана. Оқу орындарындағы эвакуациялық пункттер де бар. Туыстарының үйінде тұрып жатқандар да бар екен. 

"Қазір 100-дей пәтер жалға алынды. Тұрғындар өздері жалға алады, ал "Таза қала" қоры 40-50 мың теңге көлемінде материалдық көмек береді. Біз пәтер жалдауға емес, баспана көмегіне ақша бөлдік. Сондықтан туыстарының үйінде тұрып жатқан адамдар да төлем алып жатыр", - дейді қала әкімі. 

Соңғы ақпарат бойынша, Атбасардағы 584 үйдің тұрғыны уақытша баспанаға мұқтаж екенін айтып, өтініш берген. Үйлердің 75 пайызы тексерілді. 300-ден астам үй апат жағдайында, ал 130 үй жөндеуге келеді. Үйлерді толықтай тексеру үш күнде аяқталатынын айтады қала басшысы.

Су басқан Атбасардан репортаж

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети