Үйінен қолтырауынның басы тәркіленген: Германияда қазақстандық ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үйінен қолтырауынның басы тәркіленген: Германияда қазақстандық ұсталды Фото:depositphotos.com

Германияда Қазақстаннан шыққан автодилердің үйіне тінту жүргізу барысында крокодилдің басы табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Bild газетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германияда Қазақстаннан шыққан автодилердің үйіне тінту жүргізу барысында крокодилдің басы табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Bild газетіне сілтеме жасап.

Неміс кеден қызметі мәліметінше, 39 жастағы Қазақстан азаматы Гессеннің солтүстігінде тұрған. Ол санкцияларды айналып өтіп, Ресейге ондаған люкс-класстағы автокөлік, мотоцикл мен квадроциклді үшінші елдер, соның ішінде Қазақстан арқылы жеткізген. Экспорттың жалпы құны шамамен 25 миллион еуроға бағаланып отыр.

"Күдіктінің тұрғын және коммерциялық ғимараттарына тінту жүргізу кезінде жалпы құны 1,3 миллион еуро болатын 21 көлік құралы, допингтік препараттар, тыйым салынған электрошокер және сирек кездесетін, қорғалатын түрге жататын қолтырауынның басы тәркіленді", – делінген хабарламада.

Кеден қызметінің мәліметінше, ер адам санкцияны шамамен 700 рет бұзған болуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети