05 сәуір 2020 13:19

Үйінен шықпаған 14 жастағы семейлік баладан коронавирус анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Семейде коронавирус жұқтырған үшінші адам тіркелді. Ол - 14 жастағы жеткіншек. Науқастан пневмония анықталған. Бұл туралы ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Семейде коронавирус жұқтырған үшінші адам тіркелді. Ол - 14 жастағы жеткіншек. Науқастан пневмония анықталған. Бұл туралы ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ол - 2006 жылы туған бала. Антибактериялық емдеу тағайындалды. COVID-19 анықтау тесті тапсырылды, оң нәтиже көрсетті. Ол арнайы стационарға жатқызылды", - деді Ілияс Мұхамеджан. 

Науқастың ата-анасының сөзінше, бала 13 наурыздан бері үйде болған, каникул кезінде де ешқайда шықпаған. Туыстары да облыстан тыс жерге шықпаған. 

"Жағдайы орташа дәрежеде. Есін біледі, дене қызуының жоғарылауы байқалады. Эпидемиологиялық тексеру нәтижелері бойынша, байланыста болған 51 адам анықталды. Жақын байланыста болған адамдар оқшауланды. Тұрғылықты жері бойынша дезинфекциялық өңдеу жүргізілді", - деп хабарлады ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Айта кетейік, бұл Шығыс Қазақстан облысында тіркелген бесінші жағдай. Қазақстанда барлығы 551 адам коронавирус жұқтырған. 

5 сәуірде алтыншы адам өлімі тіркелді. 1964 жылғы марқұм Шымкент қаласында анықталды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети