Солтүстік Қазақстанның полицейлері ірі шаруа қожалықтарына өздерінің иелігіндегі жылқыларға GPS-навигатор жүйесін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СҚО ІІД сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстанның полицейлері ірі шаруа қожалықтарына өздерінің иелігіндегі жылқыларға GPS-навигатор жүйесін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СҚО ІІД сілтеме жасап.
Полицейлердің пікірінше, бұл ұсыныс өңірдегі мал ұрлығының азаюына ықпал етпек. "Электронды мәліметтер базасын құру бұл мал ұрлығын болдырмаудың тек бастамасы ғана. Ал негізгі проблема жылқы малының үнемі жайылымда болатындығында болып отыр. Жыл басынан бері мал ұрлығына қатысты 49 оқиға тіркелді", - деді СҚО ІІД криминальды полиция басқармасының басшысы Әсет Жүкенов.
Қазіргі уақытта қожалық иелерімен малдарының қай аумақта жүргенін анықтауға мүмкіндік беретін электронды жүйені қостыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жануарлар жоғалған жағдайда фотосуреттер мен өзіне ғана тән ерекшелігі олардың жылдам табылуына ықпал ететін болады.