"Ұйықтағаны үшін емес". "Сөгіс" алған қостанайлық полицей жұмыстан шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ұйықтағаны үшін емес". "Сөгіс" алған қостанайлық полицей жұмыстан шығарылды

Қостанай тұрғынынан ұйықтап жатқаны үшін "сөгіс" алған полицей жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай тұрғынынан ұйықтап жатқаны үшін "сөгіс" алған полицей жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тәртіп комиссиясының шешімі ол аталған кикілжің жағдайында дұрыс шара қабылдамады деген негізге сүйенді. Ол көлікте ұйықтап жатқаны үшін шығарылған жоқ. Көліктен шығып, өзін таныстырып, кезекшіліктен кейін екенін түсіндіруі керек еді. Полиция қызметкерлері қызмет барысында түрлі жағдайға дайын болуы тиіс", - деді Полиция департаменті бастығының кеңесшісі Елена Кашарина.

Патруль ішкі істер органдарында бір жылдан астам уақыт еңбек еткені белгілі болды.

Еске салайық, қостанайлық Сергей Зинченко қаланың орталығындағы көшеде патруль көлігінде ұйықтап жатқан полицейді видеоға түсіріп, Желіде жариялаған еді. Билік өкілі өзін түсіріп жатқанын байқап, телефонына қарай бастайды. Кейін Сергей полицейден өзін таныстырып, құжат көрсетуін талап етеді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети