Полиция департаменті қызметтік көлікте полиция қызметкерінің ұйықтап жатқан кезінде түсірілген видеоға байланысты қызметтік тексеріс өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полиция департаменті қызметтік көлікте полиция қызметкерінің ұйықтап жатқан кезінде түсірілген видеоға байланысты қызметтік тексеріс өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Instagram желісінде таралған бейнежазбадан полиция қызметкері көлік салонында ұйықтап жатқанын көруге болады. Бейнежазбаны оның әріптесі түсірген. Ол көлікке отырып, ұйықтап жатқан полицейді ояту үшін "Рота командирі тексеруге келді" дейді.
Видеоға байланысты Астана қаласы Полиция департаменті мәлімдеме жасады. Олардың айтуынша, видео 2017 жылы түсірілген. Кейін, Полиция департаменті Tengrinews.kz тілшісіне болған жағдайға байланысты өткізілген қызметтік тексерістің нәтижесін айтты.
"Астана қаласы Полиция департаменті полиция қызметкерлеріне жат қылықтары үшін, осы жағдайға қатысты жол-патрульдік полициясының рота командирі жұмыстан босатылды және жол-патрульдік полкінің полиция қызметкері жұмыс уақытында ұйықтағаны үшін қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді баспасөз қызмет өкілдері.