07 қазан 2014 14:07

Ұйымды террористік деп тану процесі жеделдетіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©knb.kz ©knb.kz

Қазақстанда ұйымдарды террористік деп тану процесі жеделдетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР бас прокурорының орынбасары Жақып Асановқа сілтеме жасап. Мұндай түзету экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жаңа заң жобасында қарастырылған. 


Қазақстанда ұйымдарды террористік деп тану процесі жеделдетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР бас прокурорының орынбасары Жақып Асановқа сілтеме жасап. Мұндай түзету экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жаңа заң жобасында қарастырылған. 

"Қазір Қазақстанда ұйымды террористік немесе экстремистік деп тану рәсімі өте ұзақ, сот процесі 2-6 ай уақыт алады. Бұл заң жобасы бұл мерзімді бірнеше есе қысқартуды қарастырады. Ол сот шешімінің жылдам күшіне енуіне мүмкіндік береді", - деді бас прокурордың орынбасары.

Асанов бұл заң қабылданғаннан кейін террористік ұйымдардың және терроризм мен экстремизмге қатысы бар адамдардың тізімі жасалып, жария етілетінін де айтты.

"Бізге шетелден азаматтар жиі келіп жатады. Құқық қорғау органдарында бір шетелдік азаматтың экстремизм мен терроризмге қатысы бары туралы ақпарат болса, бірақ оның біздің аумағымызға келуіне тыйым салуға құқықтық негізіміз болмайды. Енді мына заң егер шетелдік туралы тиісті ақпарат болса, ҰҚК органдарына оның елге келуіне тыйым салуына құқық береді", - деді Асанов Сенат комитетінің "ҚР Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқыланған кеңейтілген отырысының сыртындағы әңгіме барысында.

Ол бүгінде егер белгілі бір ұйым ҚР заңнамасы бойынша экстремистік немесе террористік деп танылса, мемлекеттік органдардың оның мүлкін тәркілеу мәселесін сот алдына қоя алмайтынын айтты. "Тәжірибеде біз ұйымды экстремистік деп танитын жағдай болады, бірақ оның меншігін мемлекет тәркілей алмай қалады. Ондай кезде ұйым басқа атаумен қызметін жалғастыра береді. Бұл орайда да мәселе шешілетін болады. Егер сот ұйымды террористік немесе экстремистік деп танитын болса, мұнымен бір мезгілде оның мүлкін тәркілеу мүмкіндігі туралы мәселе де шешіледі", - деді Асанов. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети