Қапшағай - Алматы - Қапшағай және Ұзынағаш - Алматы - Ұзынағаш бағытындағы теміржол тасымалымен айналысатын тасымалдаушыларға қалалық бюджеттен төрт миллиард теңгедей субсидия бөлу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қапшағай - Алматы - Қапшағай және Ұзынағаш - Алматы - Ұзынағаш бағытындағы теміржол тасымалымен айналысатын тасымалдаушыларға қалалық бюджеттен төрт миллиард теңгедей субсидия бөлу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы осы бағыттар бойынша тасымалдаушыларға тендер жариялап та қойды.
Конкурстық құжат бойынша Ұзынағаш - Алматы - Ұзынағаш бағыты бойынша тасымалдаушы тоғыз және Қапшағай - Алматы - Қапшағай бағыты бойынша жолға тоғыз пойыз құрамын қою керек. Әр құрамдағы вагондар саны алтыдан тоғызға дейін жетеді делінеді.
Әкімдік талаптары бойынша тасымалдаушы әр төрт жыл сайын вагондарды жаңартуы және "Оңай" төлеу жүйесін орнатуы тиіс.
2017 жылы бұл бағыттар бойынша қызмет көрсету үшін 353,7 миллион теңге бөлінді.
Кейін мәслихаттан 2018 бен 2021 жылдар аралығында жыл сайын Ұзынағаш - Алматы - Ұзынағаш бағытына - 466,1 миллион теңгеден, ал Қапшағай - Алматы - Қапшағай бағытына 381,3 миллион теңге бөліп отыру үшін қосымша 3,4 миллиард теңге сұратылмақ.
Тендерге қатысу үшін өтініш беру 19 шілдеде аяқталады.
Мұның алдында VI шақырылымдағы мәслихат хатшысы Қалдыбай Қазанбаев пойыздардың жүру кестесі Алматыға келуі таңғы 8-де және кейін қарай кету кешкі 7-де болатынын мәлімдеген. Сонымен бірге, жол ақысы 80 теңге және "Оңай" карталарымен жүргізіледі.
Бұл Алматы билігінің қала сыртына пойыз жүргізудің алғашқы амалы емес екенін айта кетейік. Осыған дейін Қапшағайдан Алматы-1 вокзалына дейін екі рет пойыз жүргізілген, алайда, тасымалдаушының тұрақсыздығы мен үкімет қолдауының болмауына байланысты ол тоқтап қалған еді.
2015 жылы 6 қарашада Алматы әкімі Бауыржан Байбек IX азаматтық форумда Алматы маңындағы ауыл тұрғындарына күнделікті Алматыға келіп отыру үшін қоғамдық көлікті жолға қою туралы айтқан.