28 ақпан 2023 | 12:13

Вагондарды сатып алу. Астанадағы LRT құрылысына 50 миллиард теңге бөлінеді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев LRT құрылысына 50 миллиард теңге бөлінетінін, қаражаттың бір бөлігі вагон сатып алуға жұмсалатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев LRT құрылысына 50 миллиард теңге бөлінетінін, қаражаттың бір бөлігі вагон сатып алуға жұмсалатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"LRT құрылысы аяқталады. Биыл да тиісті қаражат қарастырылған. Биыл қателеспесем, LRT құрылысын жалғастыруға 50 миллиард теңге бөлеміз. Бұл құрылысты қала әкімшілігімен талқыладық. Ең алдымен жұмыс әуежай жақтан басталады. Яғни, сонда жұмыс жалғасады. Ал қаражаттың бір бөлігі вагондарды сатып алу үшін алдын ала төлем жасауға жұмсалады", - деді Қарабаев Үкімет отырысы кулуарында.

Ол қаражат республикалық бюджет комиссиясы отырысында қарастырылғанын айтты.

"Өздеріңіз білесіздер, бұдан әрі Парламентке баруымыз керек, содан кейін қол қою керек. Қазір ақпан болса, менің ойымша, басында, сәуірге қарай қаражатты әкімдікке аударамыз", - деп түйіндеді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети