"Олимп" жеке зертханалар желісі вакцина алған қазақстандықтар екпе алмағандарға қарағанда коронавирусты 10 есе аз жұқтыратынын көрсететін зерттеу деректерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Олимп" жеке зертханалар желісі вакцина алған қазақстандықтар екпе алмағандарға қарағанда коронавирусты 10 есе аз жұқтыратынын көрсететін зерттеу деректерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Биыл тамызда елордада ПТР-сынамасын 28 275 адам тапсырған, оның ішінде вакцина алмаған - 19 130 адам және вакцина алған - 9 145 адам. Екпе алмаған адамдардың ішінде 19,8 пайызы немесе 3 782 адам тапсырған ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Вакцина алғандардың ішінде оң нәтиже тек 1,8 пайызында немесе 167 адамда анықталған.
"Талдау нәтижесі көрсеткендей, вакцина алғандардың коронавирус жұқтыру ықтималдығы екпе алмағандарға қарағанда 10 есе аз (1,8 пайызға қарсы 19,8 пайыз)", - деді "Олимп" бас директоры Ерлан Сүлейменов.
Клиниканың бас директоры вакцина салғызғандар арасында осы уақытқа дейін вакцинаның бір ғана дозасын алған науқастар бар екенін, сондай-ақ шетелге бару үшін сынама тапсырғандар, аурудың клиникалық көріністері байқалмайтын тасымалдаушылар болғанын баса айтты.
"Вакциналар аурудың алдын алуда шынымен де тиімді екенін көреміз, өйткені коронавирус жұқтырғандар арасында вакцина алған науқастар үлесі аз", - деп қорытындылады Ерлан Сүлейменов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!