19 мамыр 2021 | 09:55

"Вакцина жоқ". Оралда емхана басшысы мен тұрғынның жанжалы видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде Орал емханаларының бірінде болған жанжалдың видеосы жарияланды. Видеода мекеме басшысы препарат жоқ екенін айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желіде Орал емханаларының бірінде болған жанжалдың видеосы жарияланды. Видеода мекеме басшысы препарат жоқ екенін айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Емхана басшысы төбелес шығарды. Тиісті органдар мен қала, облыс әкімшілігінен оның әрекеті мен вакцинацияны бұзғаны үшін шаралар қабылдауды сұраймын", - делінген жазба сипаттамасында.

Денсаулық сақтау басқармасы ҚР бас санитария дәрігерінің екінші компонентті алу мерзімін 21 күннен 45 күнге дейін ұзарту туралы жаңа қаулысының енгізілуіне байланысты өңірлерге вакцина жеткізу мерзіміне өзгерістер енгізілгенін айтты.

"Дүйсенбіде Оралда ресейлік "Спутник V" вакцинасының екінші компоненті 45 күннен ерте алғысы келгендер үшін жетіспеді. Дегенмен Орал емханаларында вакцинация демалыссыз және үзіліссіз жалғасады. Араб өндірісіндегі Hayat-Vax вакцинасы болған", - деді ведомство баспасөз қызметі өкілдері.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы да Оралдағы № 3 емхананың директоры Ранил Жәлеловтің кабинетіндегі оқиғаға қатысты түсінік берді.

"Қабылдау бөлмесіне вакцинаның екінші компонентін алғысы келетін адамдар жиналды. Директор оларға түсінік беріп, өтініші бойынша бірінші компонентті алған соң 21-ші күннен кейін кез келген күні екіншісін салдыруға болатынын айтты. Жауапқа қанағаттанған тұрғындардың негізгі бөлігі қайтып кеткен. Бірнеше минуттан кейін басшының қабылдау бөлмесіне ер адам рұқсатсыз кіріп, вакцина салуды талап еткен. Ер адам ешқандай сөзге көнбеген. Керісінше ол қызметкерлерді қорлап, негізсіз айыптаған. Осы сәтте тағы бір адам болған жағдайды видеоға түсіреді. Емхана директоры жазбаны тоқтатуды сұраған. Өйткені оған ескертусіз түсірілген. Кейін ол жанжал шығарған ер адамның баласы екені белгілі болды. Ер адам жанжал тудырып, емхана қызметкерлерін қорлап, санитарлық-эпидемиологиялық норма талаптарын бұзған", - деді БҚО денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Дәрігерлер түнде өңірге вакцинаның қосымша партиясы келгенін және екінші компонентті алғысы келетіндерге қолжетімді екенін айтты.

БҚО-да вакцинаның бірінші компонентін 62 584 адам алды, оның ішінде екеуін де 23 479 адам салдырған. Бұл шамамен халықтың 4 пайызы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети