"Вакцина құрамында магнит бар" - желіде тағы бір ақпарат талқыланып жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Вакцина құрамында магнит бар" - желіде тағы бір ақпарат талқыланып жатыр Фото: elements.envato.com

Қазақстандықтар Telegram-да вакцина құрамында магнит бөлшектер бар екені туралы теорияны тағы да таратып жатыр. Бұл жолы "дәлел" ретінде доктор Джейн Рубидің сұхбаты алынған. Ол магнит бөлшектер вакцина құрамындағы mRNA-ны адам ағзасындағы жасушаларға "итеру" үшін қажет деп мәлімдеген, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар Telegram-да вакцина құрамында магнит бөлшектер бар екені туралы теорияны тағы да таратып жатыр. Бұл жолы "дәлел" ретінде доктор Джейн Рубидің сұхбаты алынған. Ол магнит бөлшектер вакцина құрамындағы mRNA-ны адам ағзасындағы жасушаларға "итеру" үшін қажет деп мәлімдеген, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

Портал мәліметі бойынша, шын мәнінде Джейн Руби дәрігер емес. Ол өзін денсаулық сақтау экономисті және психология докторы дәрежесі бар саяси сарапшы ретінде таныстырады.

Бұған дейін ол COVID-19 пандемиясына байланысты жалған ақпарат таратқаны үшін байқалған. Бұл жолы ол COVID-19-дың алдын алуға арналған препараттар өндірісінде магнит бөлшектер әдейі қолданатынын мәлімдеген. Ол вакцина алған адамдардың қолына магниттің тартылу "құбылысын" осылай түсіндіреді, делінген порталда.

Қазіргі уақытта ғалымдар ДНҚ вакциналарын өндіруде қолдануға болатын суперпарамагнитті нонобөлшектерді зерттеумен айналысып жатыр. Алайда ДНҚ платформасында жасалған бірде-бір вакцина жоқ. Сонымен қатар, суперпарамагнитті нанобөлшектерді қолдану тек зерттеу сатысында және дәрі-дәрмек өндіруде қолданылмайды.

Портал ақпаратына сүйенсек, Pfizer/BioNTech және Moderna сияқты мРНҚ вакциналарында липидті нанобөлшектер жасушаларға мРНҚ-ны жеткізу үшін қолданылады. Олар магниттік қасиетке ие емес және ағзаға зиян келтірместен қысқа уақыт ішінде ыдырайды. Басқа вакциналарда, соның ішінде Қазақстанда қолданылатын екпелерде магнит бөлшектер жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети