13 мамыр 2021 13:31

Вакцина салдырғандар Ashyq-та қашан және қалай белгіленеді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: gov.kz Фото: gov.kz

Ashyq жүйесі вакцинация төлқұжаттарын шілдеге дейін енгізуге уәде берді. Енді қазақстандықтар коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын салдырғаннан кейін бір жыл бойы "жасыл" мәртебеге ие болады деп жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ashyq жүйесі вакцинация төлқұжаттарын шілдеге дейін енгізуге уәде берді. Енді қазақстандықтар коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын салдырғаннан кейін бір жыл бойы "жасыл" мәртебеге ие болады деп жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Вакцинация төлқұжаты интеграцияланады, қазіргі уақытта Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен техникалық жұмыстар жүріп жатыр. Екі компонентті де салдырғандардың мәртебесі "жасыл" болады", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жанар Оразалина ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, интеграция 1 шілдеге дейін аяқталуы тиіс.

"Вакцинация төлқұжатына келер болсақ, 1 шілдеге дейінгі уақыт белгіленді, бірақ вакцина алған адам "жасыл" мәртебеге ие болуы үшін барлық мәселені ертерек жабуға тырысамыз", - деді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов.

"Атамекен" ҰКП төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева неге база әлі күнге дейін интеграцияланбағанын түсіндірді. Айтуынша, талқылануы қажет мәселелер бар, оның інішде ғалымдармен де. Мысалы, вакцина салдырғандарда "жасыл" мәртебе қанша уақытқа созылады?

Оразалинаның айтуынша, вакциналанғандарға "жасыл" мәртебе бір жылға беріледі. Содан кейін не істеу керегі шешіліп жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети