Вакцина салдырғандарға арналған мобильді крематорий туралы жалған ақпарат тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вакцина салдырғандарға арналған мобильді крематорий туралы жалған ақпарат тарады Фото: stopfake.kz

Қазақстандықтар Желіде табылған "мобильді крематорий" деген жазуы бар жүк көлігінің фотосуретін таратып жатыр. Кейбіреулер мұндай қондырғы COVID-19-ға қарсы вакциналау нәтижесінде қайтыс болған адамдар үшін дайындалған деп пайымдайды. Суреттің астында "Вакцинациядан кейін бәрі дайын" деп жазылған. Бұл жалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake.kz сайтына сілтеме жасап.

Шын мәнінде, фотосуретте "Турмалин" компаниясы шығарған ИН-50.1К инсенизаторы көрсетілген. Ол қауіптілік класы I-V жататын биологиялық қалдықтарды экологиялық қауіпсіз жоюға арналған.

Инсинизатор алғаш рет 2011 жылы "Үлкен қала экологиясы-2011" Халықаралық экологиялық форумы аясында Ленэкспо көрмесінде ұсынылған. Инсинезатордың толық циклы көрсетілген видеоны өндірушінің ресми YouTube арнасынан көруге болады.

Ол пандемияға дейін 8 жыл бұрын жасалған және оған еш қатысы жоқ. Өндіруші "мобильді крематорийдің салттық мақсаттарда пайдалануға және жүкті жоюға арналмағанын" атап өтті.

Сарапшылардың айтуынша, COVID-19-ға қарсы вакцина салдырған адамдар жақын арада жаппай өле бастайды деген теория негізсіз. Олар бұған дейін мұндай болжамдардың неге шындыққа жанаспайтыны туралы егжей-тегжейлі жазған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

Ауа райы

Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети