"Вакцина салдырмаған балалар сирек ауырады". Қазнетте фейк хабарлама тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Вакцина салдырмаған балалар сирек ауырады". Қазнетте фейк хабарлама тарады © zi.dn.ua

Stopfake.kz порталының тілшілері вакцина салдырмаған балалар сирек ауырады деген мәліметті тексеріп көрді. Бұл зерттеуді доктор Пол Томастың клиникасы жүргізген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Stopfake.kz порталының тілшілері вакцина салдырмаған балалар сирек ауырады деген мәліметті тексеріп көрді. Бұл зерттеуді доктор Пол Томастың клиникасы жүргізген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дереккөз мәліметінше, Қазнетте егілгендерге қарағанда екпе жасатпаған балалардың сирек ауыратыны туралы фейк мәліметтер тараған.

"Пол Томас вакцинациялаудың зияны және індеттің ойдан шығарылғаны туралы мәлімдемелерімен танымал. Сондай-ақ, америкалық дәрігер вакцинациялаудың аутизмнің дамуына әсері туралы теорияны да қолдайды. 

Шын мәнінде, бұл миф бұрын әшкереленген. Бірқатар тәуелсіз зерттеулер аутизм мен вакцинациялаудың арасында ешқандай байланыс жоқ екенін дәлелдеді", - деп жазады портал.

Дереккөз мәліметінше, Қазнет қолданушылары жариялаған вакцинацияланған және вакцинацияланбаған балалардың педиатрға жүгінулер саны көрсетілген кестелер дұрыс деп айту қиын. Онда зерттеуге қатысушылардың саны да, оны жүргізу кезеңі де көрсетілмеген.

Сонымен қатар, бұл жағдайда туа біткен патологиялардың, созылмалы аурулардың, анамнездің болуы немесе болмауы сияқты басқа да маңызды факторлар көрсетілмеген дейді.

"Маскасыз жүргендерді суретке түсіріп алады". Қазнетте фейк хабарлама тарады

Дереккөзге сүйенсек, ДДҰ сайтында бес жасқа дейінгі емделетін аурулардан көз жұмған балалар арасындағы өлім-жітім статистикасы жарияланды.

Жаппай вакцинациялау жүргізуге қаржысы жетпейтін және балалардың көпшілігі екпе жасатпаған "үшінші әлем елдерінде" көрсеткіштер жоғары екені айтылады.

Айта кетейік, 2018 жылы Еуропада қызылша ауруынан 37 адам қайтыс болды. Бұл - соңғы онжылдықтағы рекорд көрсеткіш. Мамандар өлім-жітім көрсеткішінің күрт өсуін ата-аналардың балаларға екпе жасаудан жаппай бас тартуымен байланыстырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети