"Вакцина салдырыппын". ШҚО-да деректер базасынан қате анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Вакцина салдырыппын". ШҚО-да деректер базасынан қате анықталды Фото: TENGRINEWS/Тұрар Қазанғапов

Өскемен қаласының тұрғыны коронавирусқа қарсы екпе салдырмағанына қарамастан "вакцина" алғанын кездейсоқ біліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat News-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскемен қаласының тұрғыны коронавирусқа қарсы екпе салдырмағанына қарамастан "вакцина" алғанын кездейсоқ біліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat News-ке сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысында 47 жастағы әйел вакцина салдыруға келгенде бұрын екпе алып қойғанын білген. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай қателік бірінші рет тіркеліп тұрған жоқ. Бұл деректер базасынан шыққан қателікке байланысты.

"Вакцина алу үшін арнайы бөлмеге кірген едім. Тағы бір медицина қызметкері: "Тоқтаңыз! Ол кісі вакцина алған деп айғайлады". Сөйтсек Ұржар қаласында вакцина салдырған болып шықтым. Мен тіпті Үржар қайда екенін білмеймін, ол жерде ешқашан болған емеспін. Онда туыстарымыз да, достарымыз да жоқ", - деді Ирина Бочарникова.

Деректер базасында Ирина вакцинаның алғашқы компонентін 19 маусымда алды деп жазылған. Құжаттарда оның қолы бар. Құжатқа сәйкес, ол екінші компонентті алуы керек.

"Картада: ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының Үржар аудандық № 2 ауруханасы, Биюнтинова Анар Бақтықанқызы вакцинацияға рұқсат берген. Ақпараттық келісім де бар. Барлығы заңға сай жазылған. Оған "Спутник V" салынған", - деді учаскелік медбике Әйгерім Құсманова.

Дәрігерлердің айтуынша, ЖСН дұрыс енгізілмегендіктен немесе бағдарламаның өзі істен шыққан болуы мүмкін.

"Мән-жай анықталғанға дейін вакцина сала алмаймыз. Қазір қате туралы тиісті органдарға хабарлаймыз, құжаттарды ретке келтіреміз. Егер оның вакцина алмағаны расталса, оған бірінші компонентті сала аламыз. Бірақ бұл осымен екінші жағдай", - деп түсіндірді Өскемен қаласындағы "Вита-1" емханасының директоры Рая Рахимова.

Ресми деректер бойынша, ШҚО-да бүгінде тұрғындардың 90 пайызы бірінші компонентті салдырған. Екінші дозаны халықтың 65 пайызы алған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @aibat_news

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети