Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцинациядан кімдер бас тарта алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцинациядан кімдер бас тарта алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Вакцинаға қарсы көрсетілімді кімдер ала алады?
Короновирусқа қарсы вакцинаны медициналық қарсы көрсеткіштері бар адамдарға алу міндеттелмейді.
Коронавирусқа қарсы вакцинаға медициналық қарсы көрсетілім: 18 жасқа дейінгі балалар, жүктілік және бала емізу кезеңіндегі аналар, вакцинаның кез келген компонентіне (белсенді заттарға, қосалқы заттарға) аллергия немесе алдыңғы вакцинаны қабылдағанда аллергиялық реакциялардың болуы.
"Инфекция не инфекцияға жатпайтын аурулары бар адамдар вакцина алмайды. Вакцина сауыққаннан кейін 2-4 аптада жүргізіледі. Жіті ішек ауруларында вакцина денсаулық жағдайы қалыпқа келгеннен кейін салынады.
Коронавирустың кез келген түрімен ауырғандарға сауыққаннан кейін 6 айдан кейін, жағдайын бақылай отырып вакцинаның толық курсынан өту ұсынылады. Сонымен қатар, коронавирус жұқтырған адамға сауыққаннан кейін 3 ай асқан соң вакцина егуге рұқсат етіледі", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.
Вакцинаға қарсы көрсетілім құжаты қандай?
Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 026/е нысаны бойынша беріледі.
Вакцинаға қарсы көрсетілімді қайдан алуға болады?
Коронавирусқа қарсы вакцинаға тұрақты, уақытша медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы туралы анықтама алу үшін тіркелген жері бойынша учаскелік дәрігерге қаралу қажет.
Қажет болған жағдайда пациент бейінді маманға жіберіледі. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде зертханалық-аспаптық тексеру әдістері жүргізіледі.
Коронавирусқа қарсы вакцинаға тұрақты/уақытша медициналық қарсы айғақтардың болуы туралы анықтаманы № 026/у нысаны бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссия береді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!