"Вакциналар Паркинсон және Альцгеймер ауруларын тудырады". Желіде жалған ақпарат тарап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Вакциналар Паркинсон және Альцгеймер ауруларын тудырады". Желіде жалған ақпарат тарап жатыр Фото: pixabay.com

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы қазақстандықтар арасында коронавирусқа қарсы вакциналар Паркинсон, Альцгеймер және Лу Гериг ауруын дамытуы мүмкін деген хабарлама тарап жатыр. Мұндай салдарды вакцина құрамындағы алюминий тудыруы мүмкін екені айтылған, - деп хабарлайды Stop Fake.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы қазақстандықтар арасында коронавирусқа қарсы вакциналар Паркинсон, Альцгеймер және Лу Гериг ауруын дамытуы мүмкін деген хабарлама тарап жатыр. Мұндай салдарды вакцина құрамындағы алюминий тудыруы мүмкін екені айтылған, - деп хабарлайды Stop Fake.

Портал мәліметі бойынша, алюминий адъюванты кейбір вакциналарда қолданылады. Бірақ вакцина құрамындағы алюминий мөлшері рұқсат етілген нормалардан аспайды және адам денсаулығына әсер етпейді.

Мәлімет бойынша, бұл препарат құрамындағы әлсіреген патогеннің аз мөлшеріне күшті иммундық реакция тудыру үшін қажет. Мұндай адъюванттар 1930 жылдары қолданыла бастаған. Сол кезден бері Паркинсон, Альцгеймер және Лу Гериг аурулары түріндегі жанама әсерлер тіркелмеген.

Портал мәліметіне сүйенсек, АҚШ-тың тамақ өнімдері және дәрі-дәрмек сапасын санитариялық қадағалау басқармасының қаулысына сәйкес, алюминийдің тәуліктік нормасы 25 микрограммнан аспауы тиіс. Алайда бұл норма тек парентеральды тамақтану жүйесіне (қоректік заттарды тікелей қанға енгізу) және сәбилерге берілетін жасанды сүт ұнтағына қатысты айтылған. Вакцинамен алюминийдің мұндай дозасын алу және оны тері астына енгізу мүмкін емес.

Күнделікті өмірде адамдар 25 микрограммнан артық алюминий тұтынады. Бұл металл қара бидай мен бидай ұны, картоп, қырыққабат, баялды, қызылша, бұршақ, күріш, киви және т.б. кеңінен қолданылатын өнімдерде кездеседі.

Айта кетейік, Паркинсон, Альцгеймер және Лу Геринг аурулары егде жастағы адамдар арасында өте жиі кездеседі. Оның үстіне, Паркинсон мен Альцгеймер аурулары алюминий қосылған вакциналар мен адъюванттар ойлап табылғанға дейін анықталған және толық сипатталған.

Лу Гериг ауруына қатысты нақты себептері әлі белгісіз. Кейбір жағдайларда ол тұқым қуалайтын гендік мутация нәтижесінде туындайды, бұл оның вакцина алу салдарынан болуы мүмкін еместігін көрсетеді.

Бұған дейін қазақстандықтар Цойдың "Спутник V" вакцинасы зерттелмегені туралы "мәлімдемесін" желіде таратқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети