22 шілде 2021 | 15:14

Вакцинаны сақтау режимін бұзғандар шығынды өтеуі керек - ҚХП депутаттары

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz

Қазақстан Халық партиясының (ҚХП) депутаттары өңірлерде коронавирусқа қарсы вакцинаның дұрыс сақталмауына байланысты жағдайды тергеуді талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Халық партиясының (ҚХП) депутаттары өңірлерде коронавирусқа қарсы вакцинаның дұрыс сақталмауына байланысты жағдайды тергеуді талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Хабарламға сүйенсек, ҚХП Денсаулық сақтау министрлігі мен Бас прокуратурадан вакцинаны дұрыс сақтамау дерегін тексеруді, кінәлілер келтірілген залалдың орнын толтыруын және тиімсіз вакцина егілген осал науқастарға көмек көрсетуді талап етеді.

Мәжіліс депутаттары ҚХП атынан арнайы бейнеүндеу жолдады.

Реклама
Реклама

"Президенттің өңірлерде вакцина дұрыс сақталмағаны туралы айтқаны бізді қатты алаңдатады. Денсаулық сақтау министрлігінен бұл қайда және қалай болғанын, кімнің кінәсінен және вакцинаны алған адамдарға не істеу керегін нақты түсіндіруді сұраймыз. Вакцинаның тиімділігі дұрыс емес тасымалдауға байланысты төмендейді. Яғни, олар әлі де вирус жұқтыруы мүмкін", - деді ҚХП депутаттары.

Қазақстан Халық партиясы өкілдерінің айтуынша, Бас прокуратура бұл мәселемен айналысуы керек: кінәлілерді тауып, осындай жағдайдың қайталануына жол бермеуі керек. Вакцинаны сақтау режимін бұзған жауапты мамандар оған жұмсалған шығындарды өтеуі тиіс.

"Адамдарда кепілдік болуы керек. Денсаулық - бұл бізде бар ең құнды нәрсе. Мемлекет халықты коронавирустан қорғауы керек", - деді ҚХП депутаты.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның кей өңірлерінде вакцинаны сақтаудың температуралық режимін бұзу деректері анықталғанын және бұл препараттың тиімділігін төмендеткенін айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная