19 шілде 2021 15:53

Тоқаев вакцина салдырғысы келмейтіндер туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің қазіргі ең өзекті мақсаты қандай екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің қазіргі ең өзекті мақсаты қандай екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің ең өзекті мақсатымыз - вирустың таралуын тоқтату емес. Әлемдік тәжірибе мұның мүмкін емес екенін көрсетіп отыр. Ең бастысы - аса ауыр науқастардың көбеюін болдырмау, адам өмірін сақтау. Сондықтан, оның бір ғана жолы бар. Бұл - жаппай вакцинация, екпе салу", - деді Президент.

Тоқаев вакцинацияға қарсы адамдарды сендіруге барлық құралды пайдалану керегін айтты.

"Біз барлық құралмен, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы оларды сендіруіміз керек. Батыстың кейбір дамыған елінде сендіру әдістерінен мәжбүрлеу шараларына ауысқан. Біз ірі еңбек ұжымдарының қызметімен байланысты ерекше жағдайларды қоспағанда мұндайға бармаймыз.

Себебі "қыңыр" антиваксерлердің шағын тобының кесірінен отбасыларының әл-ауқатын өз еңбегімен қамтамасыз етіп отырған азаматтарымыздың денсаулығына қауіп төндіре алмаймыз", - деді ол.

Мемлекет басшысы вакцина тасымалдау туралы да айтты.

"Вакциналарды тасымалдау мен сақтаудың барлық аспектісін нақты қарастырған жөн. Өкінішке қарай, соңғы деректер барлық өңірде бұл жұмыс дұрыс қарастырылмағанын көрсетті. 

Жекелеген өңірлерде вакциналарды сақтаудың температуралық режимін бұзу деректері анықталды. Бұл вакцинаның тиімділігінің төмендеуіне себеп болды", - деді Тоқаев.

Президент иммундау процесін тежейтін тағы бір өзекті мәселе - жалған вакцинация паспорты екенін айтты.

"Бұл жағымсыз істің таралуына кез келген әрекетті тез арада тоқтату маңызды. Жұмыс басталды, оны жалғастыру керек", - деді Тоқаев.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазір еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізіп жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети