Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова вакцинация паспортында ревакцинация туралы деректер болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова вакцинация паспортында ревакцинация туралы деректер болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ревакцинацияға қарамастан, вакцинаның екі дозасын салдырған адамда Ashyq-тағы "жасыл" статус бір жыл сақталады. Яғни, қайта вакцина алатындарға бұл мерзімді ұзарту мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Тек оның қанша уақытқа созылатынын анықтау керек", - деді Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, әлемде коронавирусқа қарсы иммунитет қаншаға созылатыны туралы дәлелденген деректер жеткіліксіз.
"Сонымен қатар, 7 айдан бір жылға дейін, әртүрлі деректер бар. Сондықтан деректерге сүйене отырып, Ashyq-тағы "жасыл" мәртебе бір жылға белгіленді. Кейбір жаңа деректерге сүйенсек, иә, иммунитет ұзаққа созылады, бірақ өкінішке қарай, әлемде болып жатқан жағдайды және ревакцинацияны ескерсек иммунитет айтарлықтай ұзаққа созылмайды", - деп түсіндірді Есмағамбетова.
Есмағамбетова барлық вакцинация дерегі вакцинация паспортында нақты вакцина мен вакциналау күнін көрсете отырып енгізілетінін айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!