Вакцинацияға қатысты тапсырмалар орындалмай жатыр - Тоғжанов шенеуніктерді жазалауды ұсынды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вакцинацияға қатысты тапсырмалар орындалмай жатыр - Тоғжанов шенеуніктерді жазалауды ұсынды Фото ©REUTERS

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов халықты вакцинациялау бойынша тапсырмалар қай аймақтарда орындалмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов халықты вакцинациялау бойынша тапсырмалар қай аймақтарда орындалмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалғасы

"ВАК осы мәселелерді қарады. Оқу жылының басынан бастап әкімдіктер өздерінің дайындығын толық растады, алайда бүгінгі күні, мысалы, бесінші мектепте, санитарлық нормалардың сақталмағанын көрдік, сондықтан әкімдіктер барлық жағдайды бақылауы тиіс", - деді Тоғжанов.

Ол жыл басынан бері Нұр-Сұлтан, Маңғыстау, Қостанай облыстарында жоспардың 10-15 пайызы ғана орындалғанын айтты.  

"Жалпы, ВАК отырыстарында бірнеше рет өңірлерге вакцинация қарқынын жылдамдатуға байланысты тапсырма берілді, бірақ берілген тапсырма тиісті түрде орындалмайды. Осыған байланысты өңірлердің әкімдеріне коронавирус тәжірибесін ескере отырып, вакцинациялауды ұйымдастыру жөнінде түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырған дұрыс деп санаймын. Вакцинация жоспарын орындамағаны үшін әкімдік басшылығының жеке жауапкершілігін атап өту керек. Бұдан кейін оң динамика болмаған жағдайда әкімдердің жетекшілік ететін орынбасарларына тәртіптік сипаттағы шаралар қабылдау орынды деп санаймын", - деп қосты Тоғжанов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети