Вандалдар Астананың сулы-нулы гүлзарындағы әшекейлерді қиратты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вандалдар Астананың сулы-нулы гүлзарындағы әшекейлерді қиратты ©Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Астанада вандалдар сулы-нулы гүлзардағы декоративті бөлшектерді қиратып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада вандалдар сулы-нулы гүлзардағы декоративті бөлшектерді қиратып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Астанада Түркістан мен Орынбор көшелері аралығындағы көгалдандырылған аумақтағы құрылыс жұмыстары аяқталған болатын. Алайда гранитті бағандарға орнатылған 10 шар орнына алынып, қиратылған.  Бұл туралы әкім аппараты баспасөз қызметіне Коммуналдық шаруашылық басқармасы хабарлаған.

"Біз шағын бағандарға декоративті шарлар орнатқан едік. Алайда вандалдар бұл шарларды жұлып тастапты. Енді құрылысшылар осылардың бәрін өздері қалпына келтіреді. Ендігі уақытта шарлар істікке қадалып, темір арқауға орнатылатын болады", - деді АИС-Астана" ЖШС бас директоры Юрий Пак.

Астана қаласы ІІД қызметкерлерінің айтуынша, енді осы аумақта тәртіпсіздікті алдын алу үшін, қауіпсіздік шараларын ескеру мақсатында қосымша бейнебақылау камералары көбейтіледі. Таяуда Астана қаласы ІІД қызметкерлері бейнекамералардың көмегімен елорда көпірлерінің бірінде орнатылған шамдарды қиратқан бұзақыларды ұстаған болатын. Жол-патруль полициясы қызметкерлері тәртіпсіздік туралы ақпаратқа жедел қимылдап, бұзақыларды құрықтады. 

Бүгінде Астана қаласы көшелерінде тәртіпсіздікті, ереже бұзушылықты бақылайтын 100 бейнекамера орнатылған. 

Естеріңізге сала кетейік, суландырылған, көгалдандырылған аумақ төрт бөлікке бөлінген. Дөңгелеу аумақ ("ҚазМұнайГаз" ҰК ғимаратынан Қабанбай батыр көшесінің шығысына дейін, "Керуен" ойын-сауық сауда орталығынан Қабанбай батр көшесімен Ақмешіт көшесіне дейін, "Бәйтерек" монументі, "Әнші субұрқақ" маңындағы алаң (Түркістан мен Орынбор көшелерінің аралығы), Қазіргі кезде осы жерлерде тротуарға гранит төсемелер жайылған, су құбырлары жүргізілген. шағын сәулет қалыптары қойылған және көшелерге асфальт төселіп, гүлдер отырғызылды. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети