20 мамыр 2024 14:47

Вайнер Мейіржан Төребаев неге үйіне жіберілді? ҚАЖД түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Павлодар облысы ҚАЖД сотталушы Мейіржан Төребаев неге үйіне шығарылғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысы ҚАЖД сотталушы Мейіржан Төребаев неге үйіне шығарылғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бір күн бұрын әлеуметтік желіде қаржы пирамидасын құрғаны үшін бес жылға сотталған Мейіржан Төребаевтың әйелі Дана Есеева күйеуі мен балаларының үйдегі суретін жариялады. Оның айтуынша, Мейіржан Төребаев заңға сәйкес қысқа мерзімді демалысқа шығарылған.

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі мәліметінше, Алматы аудандық сотының үкімі бойынша, бес жылға сотталған Мейіржан Төребаев жазасын №44 мекемеде өтеп жатыр, ол "Еңбек-Павлодар" филиалында "Еңбек" ШЖҚ РМК-да жұмысшы болып орналастырылған.

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 113 бабы негізінде 2024 жылы 17 мамырда Төребаев Мейіржан Мылтықбайұлына мекемеден тыс жерлерге шығуға, атап айтқанда, 2024 жылы 17 мамырдан бастап 2024 жылы 27 мамырға дейін Алматыда жол уақытын қоса есептегенде, 11 күнтізбелік күнге анасының ауруына байланысты қысқа мерзімді демалыс берілді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.5   490.7   5.52 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети